• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Бизнесті реттеу жөнінде шаралар

Үкімет Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында 2017 жылдың 31 қаңтарынан бастап «Қазақстанның үшінші жаңғыртылуы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  бизнес-реттеу жүйесін жасады.
 
Бұл шаралар бизнес шығындарын төмендетуге, әкімшілік кедергілерді жоюға және Doing Business рейтингінде дамуды ынталандыруға және мемлекеттік бақылау және қадағалау қызметін реформалауды көздейді;
Дайындалған шаралар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде қаралып жатқан заң жобасының шеңберінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау іс-шараларының ауқымды аудитін жүргізу мақсатында өткізілген  оның егжей-тегжейлі талдауының қорытындылары мемлекет жүргізіп отырған реформаларға қарамастан, бизнеске айтарлықтай бақылаушы жүктеме әлі де бар екенін көрсеткен .
Осыған байланысты басты жаңалықтардың бірі - профилактикалық бақылау енгізу болады.
Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимыл принциптері кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігі және бұзушылықтардың алдын алудың басымдылығы болуы тиіс.
Осылайша, ағымдағы тексеріс жүйесінен айырмашылығы -  әкімшілік іс қозғамай заңның бұзылуын болдырмау және оның алдын-алу болып табылады.
Заңда сондай-ақ:
1) 114 бақылау саласынан  25 және 18 қадағалау саласынан 3  қайталану және тиімділіктің болмауы себебінен шығару;
2) мемлекеттік органдардың 544 бақылау және қадағалау функцияларынан тұтынушыға қаупі жоқ және мемлекеттік қаупсіздікке қатерін тигізбеітін 117 функцияны штаттық кестені қайта қарау және оңайландыру арқылы алып тастау;
3) тосын және тиімділікті қамтамасыз етуге бағытталған тексерулерді ұйымдастыру мен жүргізудің жалпы тәртібі тұжырымдамасына сәйкес келмейтін бақылаудың 25 саласының 5-ін жалпы тәртіпке ауыстыру, бақылаудың 25 саласының 5-ін жалпы тәртіпке ауыстыру;
4) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 39-бабына сәйкес келеткелетін әкімшілік істерді бастауға уәкілетті органдардың баптарын алып тастау.
Осы түзетулерді жүзеге асыру кәсіпкерлердің құрылыс алаңдарына негізсіз келуіне, инспекторларды іріктеп алуына, профилактикалық және алдын-алу шараларының жоқтығына байланысты шығындардың жойылуына мүмкіндік береді.
Орналастырылған: 31.01.2018
Жаңартылған: 04.06.2018