• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру туралы

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының іске асырылу сәтінен бастап 2018 жылғы 1 қыркүйекке дейіңгі жүзеге асырылуының нәтижелері туралы анықтамалық ақпарат.

БЖК 2020 бағдарламасын іске асыруға 2010 жылдан бастап 379,9 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінген. 2018 жылы 40,5 млрд. теңге көлемінде қаражат көзделген, оның ішінде 30,0 млрд теңге жалпы сипаттағы трансферттер есебінен.

БЖК 2020 арқылы, 2018 жылғы 1 қыркүйекке дейін мынадай қаржылай қолдау көрсетілді:

  • жалпы кредит сомасы 89,9 млрд. теңгеге (іске асырылу сәтінен бастап – 2 216,2 млрд. теңге)  775 жоба субсидияланды (іске асырылу сәтінен бастап 11 961 жоба), ал төленген субсидиялардың сомасы 25,0 млрд. теңгені (іске асырылу сәтінен бастап – 209,1 млрд. теңге) құрады;
  • жалпы кредит сомасы 29,0 млрд. теңгеге (іске асырылу сәтінен бастап – 159,0 млрд. теңге) 728 жоба (іске асырылу сәтінен бастап – 4 390) кепілдендірілді, ал ұсынылған кепілдіктердің сомасы 11,0 млрд. теңгені (іске асырылу сәтінен бастап – 66,0 млрд. теңге) құрады;
  • бастап жалпы сомасы 257,0 млн. теңгеге 112 жобаға  (іске асырылу сәтінен бастап 4,6 млрд.теңгеге 1 940 грант) мемлекеттік гранттар берілді;
  • жеткіліксіз индустриялық инфрақұрылымды жүргізу бойынша 6,6 млрд. теңге (іске асырылу сәтінен бастап – 122,6 млрд. теңге) сомасына 11 жоба (іске асырылу сәтінен бастап – 810) қаржыландырылды.

Қаржылай емес қолдау:

Бірыңғай бағдарламаның маңызды бағыты кәсіпкерлік әлеуетті күшейту болып табылады. Қолдаудың бұл бағыты бизнесті жүргізу негіздеріне оқыту мен әлеуетті және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеу бойынша жобалар кешенін қамтиды.

2018 жылғы бірінші жартыжылдықта кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытуға 12 389 жаңа және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер (іске асырылу сәтінен бастап 165,1 мың) қатысты.

«Бизнес-мектеп» құралы бойынша 11 926 тыңдаушы (іске асырылу сәтінен бастап 158,2 мың) бизнес-тренинг өтті, 284 кәсіпорын басшылары (іске асырылу сәтінен бастап 2 809) ШОБ топ-менеджментін оқытуға қатысты, «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша 179 адам оқытылды (іске асырылу сәтінен бастап 4 078), соның іске асырылу сәтінен бастап 449 адам АҚШ және Германияның мамандандырылған кәсіпорындарында  шетелдік тағылымдама өтті.

Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында, бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша 35 481 клиентке (іске асырылу сәтінен бастап 436 679) 85,0 мың консультация (іске асырылу сәтінен бастап 845,2 мың)  берілді.

Қолдаудың жоғарыда аталған шараларын іске асыру, қатысушылар үшін 2017 жылы 269,3 млрд. теңге (іске асырылу сәтінен бастап – 900,0 млрд. теңге) сомасында салық төлеуге, 4,4 трлн. теңге (іске асырылу сәтінен бастап – 13,5 трлн.. теңге) сомасында өнім шығаруға, 8,3 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылған.