• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру туралы 2018 жылғы 1 қаңтарға анықтама

БЖК 2020 бағдарламасын іске асыруға 2010 жылдан бастап 339,4  млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінген. 2017 жылы 47,1 млрд. теңге көлемінде қаражат көзделген.

БЖК 2020 арқылы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай қаржылай қолдау көрсетілді:

- жалпы кредит сомасы 248,64 млрд. теңгеге (іске асырылу сәтінен бастап – 2068,04 млрд. теңге)  2 287 жоба субсидияланды (іске асырылу сәтінен бастап 11 186 жоба), ал төленген субсидиялардың сомасы 36,13 млрд. теңгені (іске асырылу сәтінен бастап – 181,7  млрд. теңге) құрады;

- жалпы кредит сомасы 38 млрд. теңгеге (іске асырылу сәтінен бастап - 130 млрд. теңге) 1 064 жоба (іске асырылу сәтінен бастап – 3 662) кепілдендірілді, ал ұсынылған кепілдіктердің сомасы 15 млрд. теңгені (іске асырылу сәтінен бастап - 56  млрд. теңге) құрады;

- жалпы сомасы 490,3  млн. теңгеге (іске асырылу сәтінен бастап – 3,4 млрд. теңге) 276 жобаға  мемлекеттік гранттар (іске асырылу сәтінен бастап – 1 417) берілді;

- іске асырылу сәтінен бастап 4,3 млрд. теңге сомасына 772 микрокредит берілді. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап микрокредит беру құралы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады;

-жеткіліксіз индустриялық ифрақұрылымды жүргізу бойынша 12,1 млрд. теңге (іске асырылу сәтінен бастап – 116,0 млрд. теңге) сомасына 25 жоба (іске асырылу сәтінен бастап – 799) қаржыландырылды.

Қаржылай емес қолдау:

Бірыңғай бағдарламаның маңызды бағыты кәсіпкерлік әлеуетті күшейту болып табылады. Қолдаудың бұл бағыты бизнесті жүргізу негіздеріне оқыту мен әлеуетті және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеу бойынша жобалар кешенін қамтиды.

Бүгінгі күнге кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытуға 23 267 жаңа және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер (іске асырылу сәтінен бастап 152,7 мың) қатысты.

«Бизнес-мектеп» құралы бойынша 22 291 тыңдаушы (іске асырылу сәтінен бастап 146,3 мың) бизнес-тренинг өтті, 421 кәсіпорын басшылары (іске асырылу сәтінен бастап 2 525) ШОБ топ-менеджментін оқытуға қатысты, «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша 555 адам оқытылды (іске асырылу сәтінен бастап 3 899), соның ішінде 43 адам (іске асырылу сәтінен бастап 449) АҚШ және Германияның мамандандырылған кәсіпорындарында  шетелдік тағылымдама өтті.

Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында, бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша 113 393 клиентке (іске асырылу сәтінен бастап 401 198) 237,8 мың консультация (іске асырылу сәтінен бастап 760,1 мың)  берілді.

Қолдаудың жоғарыда аталған шараларын іске асыру, қатысушылар үшін 2016 жылы 204,1 млрд. теңге сомасында салық төлеуге (іске асырылу сәтінен бастап 630,7 млрд. теңге), 3 257,3 млрд. теңге сомасында өнім шығаруға (іске асырылу сәтінен бастап 9 098,7 млрд. теңге), 58 мың жұмыс орнын (іске асырылу сәтінен бастап 348,5 мың жұмыс орны) сақтауға және құруға мүмкіндік берді.

2017 жылы жиынтық өнім шығарудың 2 трлн. теңге сомасында ұлғаюы және 8 мың тұрақты жұмыс орындарының құрылуы күтілуде.