• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Бүгін Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрі Ерболат Досаев Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісінің индикаторларын жақсарту жөнінде жүргізілген жұмыс қортындылары туралы баяндама жасады

Ағымдағы жылдың 22 қаңтарында Үкімет мәжілісінде Бүгін Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрі Ерболат Досаев Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісінің индикаторларын жақсарту жөнінде жүргізілген жұмыс қортындылары туралы баяндама жасады.

Қазақстан «Doing Business» Дүниежүзілік Банкінің рейтингісіне сәйкес, 2012 жылы 185 елдiң тiзiмiнде 49 орынды иеленді.

Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісінде Қазақстанның ұстанымын жақсарту бойынша белсенді жұмыстар 2008 жылы тиісті Жұмыс тобының құрылған кезінде басталды.

2010 жылдан бастап жыл сайын бекітілетін рейтингте Қазақстанның ұстанымын жақсарту жөніндегі барлық реформалар мен іс-шаралар Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісінің индикаторларын жақсарту жөнiндегi шаралардың кешенді жоспарларына сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы көптеген жылдар бойы бизнесті жүргізудің жалпы рейтингісінде барынша жектілікті жоғары ұстанымға орналасады.

Жыл сайын өзгеріп отыратын есептеу әдістемесі бойынша Қазақстан осы жылы Қытайды (91 орын), Түркияны (71 орын), Польшаны (55 орын), Ресейді (112 орын), Беларусьты (58 орын), Қырғызстанды (70 орын) басып озып,  49 орынға көтерілді.

Бұдан басқа, биылғы жылы Қазақстан соңғы жылдары бизнесті жүргізуді елеулі түрде жақсартқан елдердің тізіміне енді.

«Кәсіпорындарды тіркеу» сияқты индикатор бойынша Қазақстан 30 ұстанымға (55-тен 25-ке) көтерілген, бұған кәсіпорын құру рәсімдерін жеңілдету және тіркелгеннен кейінгі үш ай ішінде ең аз капитал төлеу туралы талаптың жойылуы ықпал етті.

 «Төлем қабілетсіздігіне рұқсат» индикаторы бойынша (55 орын) оңалту ісін жеделдетіп қарауды енгізу, оңалту мерзімін ұзарту, төрелік басқарушылардың өкілеттіктерін кеңейту және оларға қойылатын біліктілік талаптарын арттыру бойынша реформалар жүргізілді. Сондай-ақ, банкротқа ұшырау, кредиторлар құқықтарын кеңейту, операцияларды жалғастырумен байланысты ережелерді өзгерту, оңалту жоспарын қабылдау үшін мерзімді енгізу және сот қадағалауының талаптарын қосу жөнінде деректерді  ұсыну талаптары өзгертілді.

«Кредит алу» индикаторы бойынша Қазақстан ұстанымының едәуір ұлғайғаны байқалуда (97-ден 83-ке). Автоматты түрде оңалту рәсімдерінде болудан босату үшін жаңа негіздемелер енгізу есебінен қамтамасыз етілген кредиторлардың құқықтары нығайтылды.

2013 жылға арналған жұмыс шеңберінде «Халықаралық сауда» индикаторы бойынша сыртқы сауда саласында экспорттық-импорттық операциялар кезінде бірыңғай электрондық терезені енгізу және барлық кедендік рәсімдер бойынша тауарларды пилоттық электрондық декларациялауды енгізу жоспарланады.

«Құрылысқа рұқсат алу» индикаторын жақсарту бойынша келесі жылға жобалау-сметалық құжаттамасын келiсу рәсімдерін жетілдіру және сәулет-жоспарлау тапсырмаларын берудiң мерзімдерін ескере отырып, техникалық шарттар алу көзделді.

Жалпы, «Doing Business» рейтингiн жақсарту бойынша барлық жұмыс көрсетілген рейтингтегі Қазақстанның ұстанымын арттыру мақсатында тек нормативтiк-құқықтық базаны жетiлдiруге ғана емес, жалпы бизнес-климатты жақсартуға және оның инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталады.