• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Деректерді on-line режимінде жинау

«Деректерді on-line режимінде жинау» АЖ респонденттерге жүктемені азайту мақсатында әзірленген. Респонденттер өз есептерін Комитеттің (ҚР ҰЭМ Статистика комитеті) интернет ресурсы немесе сайттың Жеке кабинеті арқылы жұмыс орнында, Ұлттық куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, тапсыра алады.

«Респондент кабинеті» бұрын әрекет еткен «Жеке кабинеттің» функцияларын кеңейтуде.

2017 жылғы 24 ақпаннан бастап, статистикалық есептілікті online режимінде электрондық түрде тапсыру үшін қуаттаудың (авторизация) жаңа әдісіне көшу жүзеге асырылды және жаңа «Респондент кабинеті» іске қосылды.

Жаңа «Респондент кабинетінің» артықшылықтары:

  • Пайдаланылатын браузерге ЭЦҚ-ны импорттау қажеттілігінің болмауы;
  • е-token, kaztoken, ЭЦП құрылғыларын жекебас куәлігінде және т.б. қолдану мүмкіндігімен есептерді қуаттау және қол қою;
  • online режимінде электрондық түрде статистикалық формаларды тапсыру;
  • респонденттің БСН/ЖСН енгізу мүмкіндігімен органдарға статистиканы қуаттаусыз стаистикалық формалардың (жүгіргіш) тізбесін қарау;
  • есепті басып шығару және алдыңғы кезең үшін хабарлама;
  • есеп тапсыру тарихын қарау;
  • статистикалық формалар бойынша, бар болған жағдайда, қарыздардың тізімін қарау және басып шығару;
  • байланыс мәліметтерін өзгерту және экономикалық қызмет түрлері.