• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

ЕАЭО аясында экономиканың бірыңғай тетігін реттеу үшін құқықтық негіз қамтамасыз етілетін болады.

Қ. Біләлов: ЕАЭО аясында экономиканың бірыңғай тетігін реттеу үшін құқықтық негіз қамтамасыз етілетін болады.  

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасының «Табиғи монополия» бөлімінің ең маңызды идеясы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен жалпы қағидаларын қолдану үшін құқықтық негіздерді құру болмақ, соның арқасында экономиканың бірыңғай тетігін реттеу үшін құқықтық негіз қамтамасыз етіледі.

Ең алдымен, маңызды деп табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы қолданыстағы келісімде белгіленген негізгі ереженің бөлімі табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің тиімді қағидаттары мен қағидаларын ескере отырып салынғанына назар аударған жөн.

Осылайша, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің қағидаттары мен түрлері, мүше мемлекеттердің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету, осы келісім-шарттың жобасымен белгіленген табиғи монополиялар саласындағы тараптардың үйлестірілген саясатын жүргізу бөлімінің ережелерімен айқындалған тәртібі.

Бөлімнің жетекші идеясы, табиғи монополиялар салаларында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен жалпы қағидаларын қолдану үшін құқықтық негіздерді құру болып табылады.

Осылайша, нарықтық принциптерде негізделген, үйлестірілген құқықтық нормаларды қолдану және тауар (жұмыс, қызмет) еркін қозғалысын қамтамасыз ететін, келісілген тарифтік саясатты жүргізу, сондай-ақ БЭК-ке қатысушы мемлекеттерде табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне тең қол жеткізу, экономиканың бірыңғай тетігін реттеу үшін құқықтық негіз қамтамасыз етіледі.

Сонымен бірге, табиғи монополиялар субъектілерінің қатысуымен тұтынушылардың, атқару билік органдарының, жергілікті өзін өзі басқару органдарының, табиғи монополиялар саласындағы қатысушы мемлекеттердің қарым-қатынасына бөлімнің ережесі қолданылады. Ол қатысушы мемлекеттер арасындағы саудаға әсер етеді.

Салыстырмалы талдау жүйесі мен қатысушы мемлекеттерде табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу практикасы тиісті жыл сайынғы есептер мен баяндамалар әзірлеу шартқа сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия жүргізетін болады. Сонымен қатар, «Табиғи монополия» бөлімінің орындалуын бақылауды жүзеге асыратын болады.

Қазіргі уақытта ЕАЭО аясында Департамент оның ішінде мемлекеттердің табиғи монополиялар саласындағы  заңнама нормалары мен қатысушы мемлекеттер кеден Одағының құқық қолдану практикасын жақындастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.