• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

ЭДСМ-нің Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне қайта құрылуына байланысты Үкіметтің Регламентіне және Ережесіне түзетулер енгізілді

ҚР ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ МИНИСТРЛІГІ

Баспасөз-релизі

ЭДСМ-нің Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне қайта құрылуына байланысты Үкіметтің Регламентіне және Ережесіне түзетулер енгізілді

Астана қаласы                                                2013 жылғы 13 ақпан

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 126  қаулысымен «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына және «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысына өзгерістер енгізілді.

Қаулы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы»» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 466 Жарлығына сәйкес әзірленді.

Жарлыққа сәйкес Экономикалық даму және сауда министрлігі Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне қайта құрылғанын атап өтеміз.

ЭБЖМ-ге Қаржы министрлігінен бюджеттік жоспарлау, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен - инвестицияларды қолдауда мемлекеттік саясатты қалыптастыру және қолайлы инвестициялық ахуалды құру, Ішкі істер министрлігінен - халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру функциялары берілді. Сонымен бірге, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне «жасыл экономиканы» дамытудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру бойынша жаңа функция жүктелді.

Экономикалық даму және сауда министрлігінен жаңа құрылған Өңірлік даму министрлігіне өңірлік даму және кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласындағы функциялар берілді.

Қаулыны іске асыру республикалық бюджетте көзделген қаржы шегінде жүзеге асырылады.