• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің алқа мәжілісі өтті

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ МИНИСТРЛІГІ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің алқа мәжілісі өтті

Астана қ.                                                                                         2013 жылғы 8 ақпан

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі С.Н. Ахметовтың, Парламент депутаттарының, орталық мемлекеттік органдардың басшыларының, ұлттық компаниялар мен үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Е.А. Досаев өз баяндамасында  Мемлекет басшысының алдымызға қойған міндеттерін жемісті іске асыру 2012 жылы экономиканың 5% деңгейінде тұрақты дамуын қамтамасыз етуге  мүмкіндік бергенін атап өтті.  

Көтерме және бөлшек сауданың өсуі 14,6%-ды құрады. Негізгі капиталға инвестициялардың көлемдері 3,8 %-ға өсті.

2012 жылдың 11 айындағы сыртқы сауда айналымы 125,2 млрд. АҚШ долларын құрай отырып 10,9%-ға ұлғайды.

Тауарлар экспорты өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 6,3%-ға (84,9 млрд. долл) ұлғайды. Импорт 21,9%-ға (40,3 млрд. долл) өсті. Сауда балансының оң сальдосы 44,6 млрд. долларды құрады. Экономиканың өсуіне тұрақты макроэкономикалық жағдай ықпал етті. 2012 жылы инфляция жылдық мәнде 6,0%-ды құрады, ол өткен жылғы деңгейден (7,4%) 1,4 пайыздық тармаққа төмен. 

Сонымен қатар, Министр ведомствоның негізгі бағыттары бойынша қызметінің қортындыларын баяндады.

Өткен жылы салық саясатын жетілдіру шеңберінде салық заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, бизнеске әкімшілік жүктемені төмендету мақсатында өткен жылы лицензиялар мен рұқсаттарды тағы да 30 %-ға қысқартуды көздейтін заң қабылданды.

«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасын іске асыру шеңберінде субсидиялауға үш бағыт бойынша 650 млрд. теңге жалпы сомасына барлығы 2574 жоба мақұлданды. 

Өңірлік саясатты іске асыру шеңберінде елдің өсу орталықтары ретінде агломерацияларды (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе) дамыту бөлігінде қолданыстағы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына толықтырулар енгізілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бекітілді.

Өткен жыл Бірыңғай Экономикалық Кеңістіктің алғашқы жылы болды. Үш елдің заңнамасын үндестіру және БЭК құқықтық базасын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі мақсатында қазақстандық нарыққа тауарлар мен қызметтердің қолжетімділігінің жағдайлары бойынша екі жақты келіссөздер аяқталды.

«Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде «ҚазТрансОйл» АҚ 28 млрд. теңге сомасына 38,5 млн. қарапайым акцияны орналастыру туралы хабарлады, бірақ бұл ретте жеке инвесторлардың сұранысы іс жүзінде ұсыныстан екі есеге артты.

Өз баяндамасында Министр Е. Досаев ведомствоның алға қойған негізгі міндеті ретінде әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруді атап өтті.

Министрлік Қоршаған орта министрлігімен бірлесіп экономиканың әртүрлі салаларында табиғи ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалануды көздейтін Ұзақ мерзімді жасыл экономикаға өту стратегиясын әзірлеуге кірісті.

Дағдарыс жағдайында жұмыспен қамту және экономиканың өсуін қамтамасыз ету бойынша Жол картасы әзірленуде.

Экономиканың барлық басым секторларына инвестициялар тарту үшін әлемдік капитал нарығында әлеуетті инвесторлармен нысаналы жұмыстар жүргізілетін болады.

Инвесторлар үшін Қазақстанның тартымдылығын арттыру мақсатында Экономикалық ынтымақтастықты дамыту ұйымының озық стандарттары негізінде инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жаңа қаржылық тетіктер: тек әлеуметтік маңызы бар жобалар үшін «қол жетімділік үшін төлемдерді»; халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылатын келісімшарттардың жаңа түрлерін енгізу; конкурстық рәсімдерді жеңілдету, күрделі емес жобалар үшін үлгілік құжаттамалар әзірлеу көзделетін мемлекеттік жеке меншік әріптестікті дамыту жөнінде заң жобасын қабылдау жоспарланып отыр.

Макроэкономикалық тұрақтылық пен экономиканың орнықты өсуін, халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету және бюджет қаражатын тиімді пайдалануды арттыруды көздейтін Жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасы әзірленетін болады.

Бюджетаралық қатынастарды жетілдіруге, басқарудың төменгі деңгейлерін қаржылық бекітуге бағытталған заң жобаларының пакеті, оның ішінде «Жергілікті бюджеттерге берілетін жалпы сипаттағы 2014-2016 жылдарға арналған трансферттер туралы» Заң жобасы әзірленеді және нысаналы трансферттерді қалыптастыру мен бөлудің қолданыстағы тетігі қайта қаралатын болады.

Салықтық жеңілдіктердің тиімділігін арттыру мақсатында олардың экономиканың шикізат емес секторлары мен инновацияларды дамытудағы ынталандыру рөлін күшейту үшін бірніші жартыжылдықта Президенттің тапсырмасы бойынша қолданыстағы салықтық жеңілдіктерге тексеру жүргізіледі.

«Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» заң жобасы қабылданады. Бүкіләлемдік банкпен бірлесе отырып Қазақстан Республикасын 2030 жылға дейін әлеуметтік дамыту тұжырымдамасы әзірленеді.

Ағымдағы жылы Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құқықтық базасын дамыту, Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің халықаралық шарттарын кодификациялау жөніндегі күнтізбелік жоспарды іске асыру жұмысының басым бөлігін атқару, интеграциялық процестерді одан әрі дамыту бағыттарын пысықтау қажет.

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық және оны өткізу шеңберінде ағымдағы жылы негізгі күш Тіркеу дерекнамасының жобасын әзірлеу мен бекітуге, сондай-ақ 2013-2018 жылдарға арналған ЭКСПО-2017 ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі бекітілген ұлттық жоспарды іске асыруға бағытталатын болады.