• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 266 өкімімен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Кеңестің міндеттері:

1) Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі - Ұйым) бастамалары мен бағдарламаларын үйлестіру;

2) мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Ұйыммен тиімді ынтымақтастық процесін қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасында ұйымның стандарттары мен ұсынымдарын енгізу бойынша ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңес төрағасы болып табылады, Кеңес құрамына: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Орынбасары; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Орынбасары; ұлттық экономика, қаржы, инвестициялар және даму министрлері және басқа мемлекеттік органдардың басшылары;   «Ұлттық талдау орталығы» акционерлік коғамының басқарма төрағасы кіреді.

Кеңес отырыстары қажеттігіне қарай, бірақ жартыжылдықта бір реттен артық өткізілмейді.