• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Елді мекендер үшін өңірлік стандарттар жүйесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 36-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған Елді мекендер үшін өңірлік стандарттар жүйесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 

1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың

1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының жетекшілік ететін вице-министрлеріне жүктелсін.

4. Осы бірлесен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі

______________ Д. Абаев

Қазақстан Республикасының                           Білім және ғылым министрі

___________________Е. Сағадиев

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

______________ Е. Біртанов

Қазақстан Республикасының

Индустрия және

инфрақұрылымдық даму министрі

______________ Ж. Қасымбек

 

Қазақстан Республикасының    Мәдениет және спорт министрі

______________ А. Мұхамедиұлы

 

Қазақстан Республикасының                Ұлттық экономика министрі   

___________________Т. Сүлейменов

 

Қазақстан Республикасының

Энергетика министрі

______________ Қ. Бозымбаев

 

 

Орналастырылған: 06.02.2019
Жаңартылған: 02.04.2019