• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

ЭСДД-ның табиғи монополиялар саласындағы тарифтік саясатты қалыптастыруды жетілдіру мәселелерін үйлестіру бойынша 2017 жылғы тамыз айы ахуалы бойынша ағымдағы қызметі

Тарифтік бұдан әрі жетілдірудің негізгі бағыты реттелуші сектор субъектілерінің активтерін жаңғыртуға инвестицияларды арттыруды, олар көрсететін қызмет сапасын арттыруды, энергиы мен ресурстар үнемдеуді қамтамасыз ететін реттеудің әдіснамасы мен тетіктерін қалыптастыруда.

Осы мақсаттарды қазіргі уақытта мыналар

1. «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы жаңа Заңының жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жалғасып келеді. Оның мақсаты тарифтік реттеудің ынталандырушы әдістерінің құқықтық негіздерін құру болып табылады.

Мәселен, осы заңның жобасы мыналарды көздейді:

  • алдыңғы қатардағы халықаралық тәжірибенің негізінде тарифтік реттеудің жаңа әдістерін енгізуді;
  • 79 нормативтік актіні бірлестіру арқылы реттеудің нормативтік құқықытық базасын жүйелендіруді;
  • реттеу рәсімінің ашықтығын оның ішінде Тұтынушылар мүддесін қорғау үшін қоғамдық бірлестікті құру арқылы арттыруды.

Бұдан басқа, тарифтердің өсуін болжау және ұстап тұру мақсатында «реттеліп көрсетілетін қызметтерге тариф өсімінің инфляцияға жол берілетін жиынтық салымы» жаңа ұғым енгізілмек.

2. Табиғи монополия салаларында инвестициялық ахуалды арттыру мақсатында, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 12 маусымдағы № 209-V Заңын іске асыру шеңберінде 2015 жылғы 1 сәуірден бастап табиғи монополия субъектілерін (ТМС) 5 және одан көп жылдық мерзімдік шекті тарифтерге өткізу бойынша жаңа инвестициялық саясат енгізілді.

Бүгінде ТМС-тың ұзақ мерзімді инвестициялық тарифтерге өткізілуі жалғасын табуда. ТМС-тың ұзақ мерзімдік тарифтерге толық өтіп бітуі 2018 жылы күтілуде.

Жаңға тарифтік саясаттың ерекшелігі инвесторлар, субъектілер және тұтынушылар мүдделерінің өзара теңдігін сақтау болып табылады.

Жаңа тарифтік саясаттың негізгі міндеті – тарифтерді өсіру емес, инвестицияларды мынау немесе анау салаға тарту, сондай-ақ тарифтер өзгерісінің ұзақ мерзімдегі инвесторлар үшін болжамдылығын, олардың өсімінің тұрғындар үшін орындылығын қамтамасыз ету болып табылады.

2015-2021 жылдардағы табиғи монополиялар саласына құйылатын инвестициялардың күтілетін көлемі – 2,1 трлн. теңгені құрайды.

3. табиғи монополиялар саласындағы инвестициялық ахуалды жақсарту шеңберінде Еуропалық қайта құру және даму банкімен (ЕҚДБ) тығыз қарым-қатынас бойынша жұмыс жалғасуда.

Бұл ретте ЕҚДБ-дан 2015-2016 жылдарда тартылған кредиттік қаражат көлемі – 42,98 млрд. теңгені құрады.

Сондай-ақ ЕҚДБ «Инфрақұрылымдағы реттеу және тарифтік саясатты әзірлеу» тақырыбындағы зерттеу қорытындылары бойынша ұсынымдарына сәйкес  бүгінде бірқатар табиғи монополия субъектісі («Су ресурстары Маркетинг» ЖШС, Қостанайлық «ҚазТрансГазАймақ» АҚ) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 24 қарашадағы № 710 бұйрығымен бекітілген Жаңа Халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын және халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесіне кіретін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің ерекше тәртібі шеңберінде шекті тарифтермен жұмыс істеуде.

Көрсетілген Ерекше тәртіп тариф белгілеудің ынталандырушы әдісі болып табылады және халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын табиғи монополия субъектілеріне реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа, сенімділік және тимділік критерийлерінің ескерілуімен қалыптасатын жоғары пайда табуға мүмкіндік береді.