• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Есептік кездесу бойынша сұрақ-жауаптар

Ұлттық экономика министрі Р. Е. Дәленовтің халыққа есеп беру кездесуі шеңберінде министрліктің сайтына келіп түскен көкейкесті сауалдары   

Көмекбаев  Тамирлан 

Жауап aliya.5@mail.ru эл.поштасына жолданды

Кәсіпорынның шағын, орта немес ірі бизнес санатына жататынын қалай білуге болады?

Жауап: ҚР кәсіпкерлік кодексінің 24 бабы, 1 тармағына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілері қызметкерлерінің орташа жылдық саны мен орташа жылдық табысына қарай, мынадай санаттарға жатады:

  • Шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде, микрокәсіпкерлік субъектілері;
  • Орта кәсіпкерлік субъектілері;
  • Ірі кәсіпкерлік субъектілері.

Заңды тұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны жүз адамнан аспайтын және жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, жеке кәсiпкерлiкті жүзеге асыратын заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.

Жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны он бес адамнан аспайтын немесе жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің отыз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, жеке кәсiпкерлiкті жүзеге асыратын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi микрокәсiпкерлiк субъектiлері болып табылады.

Шағын және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын кәсіпкерлікті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Мынадай критерийлердің біреуіне немесе екеуіне сай келетін: жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны екi жүз елу адамнан асатын және (немесе) жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің үш миллион еселенген мөлшерінен асатын және заңды тұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және жеке кәсiпкерлiкті жүзеге асыратын заңды тұлғалар iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.

Ильяс Қуатұлы

kuatuly_iliyas@mail.ru

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығымен бекітілген Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларының 3 параграфы, 2 тарауы, 18 тармағына сәйкес, Тапсырыс беруші ұсынысты қарайды және жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеушімен келісе отырып, бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға түбегейлі емес, нысанның түпкілікті схемасына, оның көлемді-жайғастыру, инженерлік-техникалық немесе технологиялық жобалық шешіміне, сондай-ақ құн және басқа да бекітілген техникалық-экономикалық көрсеткіштерін қозғамайтын өзге де объективтік факторларға әсер етпейтін өзгерістерді енгізу бойынша шешім қабылдайды, оларды кейіннен ресімдеп, сақтауға тапсырады. ҚР АК 655 бабы бойынша, Тапсырыс берушіге жобалау-сметалық құжаттамаға мердiгер үшiн қосымша шығындарға және (немесе) жұмыстың орындалу мерзiмiн ұзартуға қатысы жоқ өзгерiстер енгiзудi талап ету құқы берілген.

Құрылыс-монтаждық жұмыстарды жүргізу процесінде Тапсырыс беруші іске асырылып жатқан жобалық-сметалық құжаттамада мынадай олқылықтардың табылуымен бетпе-бет келеді:

1. Едендердің экпликациясы жобасына сәйкес едендер – 5 мм жылуоқшаулағыш негіздегі, 21, 22, 23 ГОСТ 7251-77 гетерогендік кластағы поливинилхлоридті тұрмыстық линолеумнің сметалық құжаттамасына сәйкес

2. Жобаға сәйкес бу өткізетін пленка торламаның астына төселген, өндірістік технология бойынша бу өткізетін пленка металл жабынның астына салынуы тиіс.

Осыған байланысты, құрылыс процесіндегі жоғарыда көрсетілген олқылықтарды, оның ішінде линолеумді сметаға сәйкес, бу өткізгіш пленканы металл жабынның астына құрылыстың технологиясына сәйкес төсеу, яғни тапсырыс берушінің, мердігерлік ұйымның, жобалаушы мен техникалық қадағалаудың қатысуымен техникалық кеңестің хаттамасы арқылы келісу мүмкіндігін түсіндіруіңізді, яғни, бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға кешенді ведомстводан тыс сараптамадан өтпей, түбегейлі емес сипаттағы өзгерістер енгізуді сұраймын. Құрметпен, Қуатұлы І.

Жауап kuatuly_iliyas@mail.ru-ға жолданды

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 412 Жарлығының 1 тармағына сәйкес, қайта ұйымдастыруға байланысты Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті ҚР Ұлттық экономика министрлігінен ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне берілді. Осыған байланысты, Сізге ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне хабарласу қажет.

Досжанова Гүлжан Таңатарқызы

dosgulzhan@mail.ru

Хабардың мәтіні: Құрметті Министр! Жезқазған қаласы "ПТВС" АҚ су мен жылу есептеу құралдарын өз қалауынша пайдаланады. Үйдегі өлшеу құралдарының бар болуына қарамастан (біздің кәсіпорын тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан) ай сайын түрлі тариф қолданылады: қаңтарда -4832,75 теңге ҚҚС-сыз, ақпанда -7675,55 теңге ҚҚС-сыз, наурызда-4832,75 теңге, сәуірде -4832,75 теңге. Мамырда жылуға -4832,75 теңге, мамырдағы жылыту-7675,55 теңге. Есептеу құралдарының жұмысына ПТВС АҚ Метреология бөлімі жауапты. Аталған жағдайды есепке алғанда, ПТВС АҚ есептеу құралдарының жұмыс істеуіне мүдделі емес. Бұл оларға жоғары тариф қолдануға мүмкіндік береді. Не ПИК, не тұрғын үйлердің тұрғындары мен басқа тұтынушылар есептеу құралдарына қол жеткізе алмайды. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, есептеу құралдарымен басқа тәуелсіз ұйым не кәсіпорын айналысуы керек деп есептемейсіз бе?

Жауап dosgulzhan@mail.ru жолданды

Құрметті Гүлжан Таңатарқызы!

Біріншіден, жылу энергиясын есептеу құралдарына қатысты, Министрлік қолданыстағы заңнама аясында табиғи монополиялар субъектісін жылу есептеу құралын жеке шартқа сәйкес сатып алуға және орнатуға міндеттей алады.

Сонымен қатар, табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган есептеу құралдарын сатып алу мен орнату ақысын келіседі. Өз кезегінде тұтынушы ақыны төлейді.  

Біздегі қолдағы бар ақпаратқа қарағанда, «ПТВС» АҚ реттелетін қызметтердің үйге ортақ есептеу құралдарын орнатқан және тұтынушылардан есептеу құралдарын сатып алу мен орнату ақысын өкілетті органмен келісілген төлемді өндіруге құқылы (Заңның 26 бабының 2 тармағының 31 тармақшасы).

Төлемақы өндірудің көлемі мен механизмі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық  департаментімен мынадай көлемде (2014 жылғы 5 қыркүйектегі №2-13/2644) келісілген:  

суық су – 24 айға бөліп төлеу арқылы 1 пәтерден айына 280 теңге;

жылу бойынша – 24 айға бөліп төлеу арқылы ғимараттың жалпы аумағының 1 шаршы метріне 16,23 теңге.

2016-2020 жылдары Департамент үйге ортақ есептеу құралдарының болуына қарай, сараландырылған тариф белгілеген.

Бұл ретте, Жылу энергиясын пайдалану ережесіне сәйкес, жылу энергиясын коммерциялық есептеу құралдарын ұстау, техникалық қызмет көрсету және тексеру баланстық жабдықтарға сәйкес орындалады. Бұл жағдайда есептеу құралдарына қызмет көрсету «ПТВС» АҚ мен ПИК қызмет көрсету ұйымы арасындағы шарттық негізде жасалады.   

Сондықтан табиғи монополиялар субъектісінің мердігерлермен шарт жасасу еркіне біз әсер ете алмаймыз.

Екіншіден, «ПТВС» АҚ-ның жылуға түрлі тариф қолдануына қатысты.

Тарифтерді өкілетті органдар белгілейді. Табиғи монополиялар субъектілері өз бетінше оны көтере алмайды. Бұл «Табиғи монополиялар туралы» ҚР заңнамасын өрескел бұзу болмақ.

Сондай-ақ, Тарифті есептеу әдістемесіне сәйкес, тұтынушылар үшін жылытуға жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттелетін қызметтің ақысын үйге ортақ жылу энергиясын есептеу құралдары болған жағдайда өкілетті орган бекітпейді. Төлем мөлшері ай сайын Әдістемеге сәйкес үйге ортақ жылу энергиясын есептеу құралдарының көрсеткіштері бойынша белгіленеді.

Сіздің үйіңіз туралы деректер (үйдің мекен-жайы мен жылу энергиясын есептеу құралдарының көрсеткіштері) жоқтығына байланысты, жылу төлемінің көлемін анықтау мүмкін емес.

Осылайша, «ПТВС» АҚ ТМС мемлекетттік тіркелімінің жергілікті бөлімінде тұрғандықтан ТМРБжТҚҚК Қарағанды облысы бойынша Департаментінің басшысына аталған мәселені қарап, ақпарат расталған жағдайда, «ПТВС» АҚ-ға қатысты сіздің және өңірдегі басқа да тұрғындардың құқығын орнықтыру мақсатында жоспардан тыс тексеруді бастау тапсырылды.

Назар

aaa11@bk.ru

саламатсыздар ма. Неліктен әскерилерге ипотекаға миллиондап ақша бөліп, ал мұғалім, дәрігер секілді мамандықтарға берілмейді. Жоғары білімді бұл кәсіп иелері неге төмендетіліп отыр?

Жауап aaa11@bk.ru-ға жолданды

Бүгінгі күні әскери қызмет өмір мен денсаулыққа төндірілетін қауіппен, мөлшерленбеген жұмыс күнімен байланысты мемлекеттік қызметтің ерекше түрі.

Бұл ретте әскери қызметшілердің ақшасының салыстырмалы аз мөлшерде болуы мен зейнетке ерте шығуы тұрғын үй алуға жеткілікті қаражат жинауына мүмкіндік бермейді.

Осыған байланысты, әскери қызметтің мәртебесін арттыру мақсатында мемлекет бірқатар, оның ішінде тұрғын үй мәселесін шешу үшін  әлеуметтік жеңілдіктер ұсынады.

Мемлекет әскери қызметшіге өзінің қалауы бойынша екінші деңгейлі банктердің бірінде ашылған жеке арнайы есепшотына ай сайын тұрғын үй төлемін аудару арқылы қолдау көрсетеді.

(Әскери қызметшінің, екінші деңгейлі банктің және мемлекеттік органның басшысының арасында 3 жақты шарт жасалады).

Әскери қызметшінің тұрғын үйді сатып алуы кезең-кезеңмен әскери қызметін атқару шеңберінде қажетті соманы жинақтау есебімен жүзеге асырылады.

Жалпы бюджеттік ұйымдар үшін тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламаларының шеңберінде орындалады. Онда халықтың қалың тобына, оның ішінде денсаулық сақтау және білім беру саласындағы азаматтық қызметшілер үшін механизмдер көзделген.

Мұнымен қатар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру мәселесі кезең-кезеңмен шешілуде. Мәселен, білім саласында білім сапасын арттыру мақсатында орта білім жүйесін жан басына шаққандағы қаржыландыру жұмыстары жүргізіледі.

Жан басына шаққандағы қаржыландыру білім саласын қаржыландыруды едәуір ұлғайтуды көздейді.

Денсаулық сақтау саласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің (бұдан әрі - МӘМС) енгізілуімен сондай-ақ мемлекет, жұмыс беруші мен тұрғындар арасындағы ынтымақты жауапкершілік есебінен денсаулық сақтауды дамытуға қосымша қаржы құйылысы көзделген. 

Бұдан басқа, «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауына сәйкес, білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ІЖӨ-нің 10 пайызына дейін жеткізу қажет.   

Қабылданған шаралардың есебінен білім мен денсаулық сақтау саласындағы мамандардың табысы кезең-кезеңмен көтеріледі.

Бұдан басқа, қазіргі уақытта «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі  туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жаңа редакциясының жобасы, сондай-ақ «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының жобасы әзірленіп жатыр.

Бұл жобалардың шеңберінде дәрігерлерді, педагогтарды түрлі жеңілдіктер арқылы (ауылдық жерде жұмыс істейтін мемлекеттік медициналық ұйымдардың медициналық қызметкерлеріне ЖАО шешімі бойынша міндетті түрде, оның ішінде қызметтік үй бөлу, коммуналдық шығындарға өтемақы беру, басқа да жеңілдіктер) әлеуметтік қолдау мәселесі пысықталуда.

Луиза

Nefertari-88@mail.ru

Қайырлы күн! Заңды тұлғаларды тіркеуде жүйесіздік орын алып жатыр. Әділет министрлігі 2019 жылғы 20 мамырда тіркегенмен, салық комитетінің базасына сол уақыттан бастап ене алмай отырмыз. Кабинет ашылмайды. Банктен есепшот аша алмаудамыз. Өйткені банкирлер салық комитетінің базасынан ЖШС туралы деректерді көре алмайды. 1414 арқылы қоңырау соғып, облысқа хат жазсақ та, тіркеу жасалған ауданға хабарлассақ та – жауап біреу.  

Кезек сәуірден басталды. Бұрын барлығы тез болатын. Бұл кезек қайдан пайда болғанын түсінбедім. Енді қанша күтетінімізді ешкім білмейді. ИСАЖ БАЗАСЫ салық қызметкерлерінің кез келген сауалына күтіңіз, сіздің өтініміңіз мамандардың қарауында  деп жазады. Қазақстан бойынша осындай проблема. Салықтың өзі мәселені шеше алмай жатқанда, кімге қоңырау соғарыңды да білмейсің. Келісім шарттардың уақыты өтіп бара жатыр. 17 күн өтті, ал біз әлі есепшот аша алмай отырмыз. Құрметті министр, осы мәселені шешуге көмектесіңізші.  

Жауап Nefertari-88@mail.ru-ға жолданды

Қайырлы күн, Луиза.

Салық төлеушілерді тіркеу мен ИСАЖ жүйесінің қызметі мәселелері салықтық әкімшілендіруге жатады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – ҚР ҚМ МКК) туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы №306 бұйрығына сәйкес, салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру ҚР ҚМ МКК функциясы болып табылады. Сізге осы мемлекеттік органға жүгінген жөн.

Андрей

sundukov.andr@gmail.com

Қайырлы таң! Компания кең таралған пайдалы қазбаларды (әктас пен мергель) өндіруде жер қойнауын пайдалану құқығына ие болды. Бұрынғы жер пайдаланушының жер қойнауын пайдалану туралы келісім шартының талабы бойынша (2012 жылы ресімделген) иесі жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар мен қызметтер тізілімінде тіркелуге міндетті. Осы келісім шартта «өндіру операцияларын жүргізуде тауар, жұмыс және қызмет көрсетуді сатып алу Үкімет бекіткен тәртіпте жүзеге асырылатыны» көрсетілген. Бұл кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға жүрмейді. Келісім шартта көрсетілген талапқа және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексінде тауар, жұмыс және қызметтерді конкурс арқылы сатып алуда міндеттемелер бар-жоқтығы туралы түсіндіруіңізді өтінемін.

Жауап sundukov.andr@gmail.com -ға жолданды

Саламатсыз ба, Андрей

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 65 бабына сәйкес, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге қатысты операцияларды мемлекеттік бақылау және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру лицензияларының талаптарын сақтауды бақылау республикалық маңызы бар облыс, аудан, астананың тиісті жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөнінде операциялар жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 21 мамырдағы №355 бұйрығы жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөнінде операциялар жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін анықтайды.

Бұдан басқа, осы Қағидалар сонымен қатар Кодекстің 277-бабының 3-тармағына сәйкес Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін берілген және жасалған рұқсаттар, лицензиялар және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қарым-қатынастарға қолданылады.

Арт

oya45@mail.ru

Қашан далаларды игеріп, ауылдың деңгейін көтереміз? Ауылдан қалаға келгендер көп. Жерді игеру топырақта дақылдарды өсіру үшін қажет.  Бананды Африкадан, күрішті Қытайдан, басқа дақылдарды басқа елдерден әкелудеміз. Біздің өз дақылдарымыз қашан өсіріледі, шетелге қашан шығарылады?

Жауап oya45@mail.ru-ға жолданды

Ауылдарды дамыту проблемасына бүгінде зор көңіл бөлінуде. Ауылдық аумақтарды дамыту Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылады.

Жақын арада Аумақтық-кеңістікте дамытудың 2030 жылға дейінгі болжамды схемасы әзірленеді. Онда әрбір өңірдің демографиясы, инфрақұрылымы бойынша болжамдар жасалады.

Қазіргі уақытта «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы әзірлену үстінде.

Бағдарлама ауылдағы өмір сүру сапасын жақсартуды, қажетті әлеуметтік игілікке қол жеткізуді, ауылдық аумақтарды жаңғыртуды көздейді.

Ағымдағы жылы өңірлік стандарттар енгізіледі. Әрбір ауыл мен шағын қала минималдық стандартқа жеткізіледі: мәдениет, медпункттер, жол, мектептер. Тірек ауылдар (аудан орталықтары) мен жақын орналасқан серік ауылдар іріктеледі. Біздің міндетіміз – 2025 жылға дейін Жоба арқылы 6,5 млн. ауыл тұрғынын (ауыл тұрғындарының 83%-і) жақсартылған инфрақұрылыммен қамту.

Өңірлерді дамыту мақсатында өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы әзірленеді. Бағдарламаның негізгі міндеті – моноқалалардағы, тірек ауылдардағы, функционалдық қалалық аудандардағы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту арқылы өмір сүру сапасын жақсарту.

Александр Галиев

ag@profit.kz

Жыл басынан бері ҚР Статистика Комитеті байланыс нарығы бойынша (телеком) толық деректерді берген жоқ. Осылайша, салалық журналистер үшін саладағы жағдайды сегменттер бойынша көруге, сондай-ақ ондағы динамиканы бақылауға мүмкіндік беретін соңғы ақпарат көзі жойылды. Үзінді түріндегі статистиканың ешқандай мәні жоқ. Иә, егер қандай да бір аяқкиім фабрикасы табаны жоқ аяқкиім шығарып,  оны ұқыптап орап, бөлшек саудаға борышын өтелгендік сезімімен жіберетін болса, оның не мәні бар? Егер нақты айтар болсақ, ұялы байланыс қызметінің көлемі туралы, сымды және сымсыз телекоммуникация желісі бойынша деректер жоқ. 2019 жылға дейін мұндай жағдайлар орын алып тұратын. Ал 2019 жылдан бастап, ол тұрақты орын алуда. Статистиканың азаматтар үшін неліктен ашық болмауын түсіндірсеңіз.

Құрметпен,

Profit.kz порталының редакторы Александр Галиев

Жауап ag@profit.kz -ке жолданды

Саламатсыз ба, Александр

«Мемлекеттік статистика туралы» ҚРЗ 8 бабының 5 тармағына сәйкес, респондентті тікелей немесе жанама белгілеуге немесе ол туралы бастапқы статистикалық деректерді анықтауға мүмкіндік беретін статистикалық ақпарат пен деректер базасы құпия болып табылады және осы бабтың 4 тармағында көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, тек респонденттің келісімімен ғана таратылады. Осыған байланысты, Статистика комитеті Ресми статистикалық ақпаратты электрондық түрде қалыптастыру және тарату әдістемесін жасаған.

Аталған жағдайда, бастапқы статистикалық деректерді ұсынған респондент аудан мен облыстағы қызмет түрі үшін жалғыз болып табылады.

Индира

indiana_astana@mail.ru

Саламатсыз ба, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 249 бұйрығы2015 жылғы 27 наурыздағы №249 бұйрығымен бекітілген даму жоспарын түсіндіруіңізді сұраймын. «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы» 14 б.ж.бойынша, жоспарды түзетуге жыртыжылда бір рет қана рұқсат етіледі. Түзетілген даму жоспары жартыжылдықтың аяқталу мерзіміне дейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей, яғни ағымдағы жылғы 1 маусымға дейін жасалады. Сұрақ: бекітілген түзетілген даму жоспары қай күннен бастап күшіне енеді? 1 маусымнан ба әлде 1 шілдеден бастап па?

Саламатсыз ба, Индира!

Қағиданың 11 тармағына сәйкес, Даму жоспары, сондай-ақ бекітілген даму жоспарын түзетуді акционерлік қоғамның директорлар кеңесі, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қадағалау кеңесі, мемлекеттік кәсіпорындар бойынша – тиісті саладағы уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) немесе аудандық маңызы бар қаланың, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты бекітеді. Осыған байланысты, даму жоспары бекітілген күннен бастап, күшіне енеді.

Гүлмира

gulmira.tulenova@erg.kz

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 241-VІ ҚР Заңы арқылы «Тауар биржалары туралы» ҚР Заңының 15 бабы (бұдан әрі – Заң) 5 тармақпен толықтырылып, соған сәйкес, биржалық тауарлардың тізбесінде мыналар қамтылады:

1) биржалық тауарлардың қысқаша атаулары және олардың Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес кодтары;

2) жекелеген биржалық тауарлар бойынша – беру партиясының ең төмен мөлшері, ол тең болған немесе одан асып кеткен кезде, оларды өткізу тауар биржасында ғана жүзеге асырылуға жатады;

3) жекелеген биржалық тауарлар бойынша – тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізілуге жататын ең аз үлес, сондай-ақ өздеріне осындай мiндет қолданылатын субъектiлер санаты.

Сонымен қатар, Заңның 15 бабының 3 тармағында биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлармен тауар биржаларынан тыс жасалған мәмілелер мүдделі адамдардың, уәкілетті органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылатыны бекітілген.

Мынаны түсіндіруді сұраймыз:

1) Заңның 15 бабының 3 тармағы бұл бабтың жаңа 5 тармақпен толықтырылуына байланысты қандай жолмен қолданылады, бұдан шығатыны Тізбеге кейбір тауарлар ең төменгі мөлшердегі партиясы немесе үлесі көрсетілместен қосылуы мүмкін бе;

2) бұл биржалық тауарлар тізбесіндегі тауар оның ең төменгі мөлшердегі партиясы немесе ең төменгі үлесі көрсетілмесе, тауарлық биржадан тыс сатылуы мүмкін еместігін білдіре ме?

Жауап gulmira.tulenova@erg.kz-ке жолданды

Саламатсыз ба, Гүлмира

«Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1 бабының 3 тармақшасына сәйкес, биржалық саудаға тауар биржасында жүзеге асырылатын биржалық және стандартталмаған тауарларды сату жөніндегі кәсіпкерлік қызмет жатады. (биржалық тауар – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына енгізілген стандартталған біртекті тауар, оның бірліктері барлық жағынан да бір-біріне сәйкес келеді, сол бір функцияларды орындауына мүмкіндік беретін ұқсас сипаттамалары болады және ұқсас құрамдастардан тұрады, бұл оларға түрлі өндірушілерден келген партяиларды толық ауыстыру қасиетіне ие, сондай-ақ жедел келісім шарт функцияларын орындауға мүмкіндік береді).

Тауар биржаларында сату жөніндегі міндеттеме «Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы қолданыстағы № 142 бұйрығында белгіленген тек стандартталған тауарлар үшін және тек мөлшерлер мен шегінде (үлес) ғана көзделген (бұдан әрі – Тізбе).

Бұдан шығатыны, егер сатушы жер қойнауын пайдаланушы болса және сатып алынатын тауар стандартталған болса, онда оларды тауар биржаларында сату міндеті Тізбеде белгіленген минималдық деңгейден жоғары партия болған кезде туындайды.