• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қатысты өтемақы шараларын қолданудың орындылығы туралы қорытынды дайындау мақсатында тергеп-тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы сауда қызметін реттеу туралы 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 22-1 бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қатысты өтемақы шараларын қолданудың орындылығы туралы қорытынды дайындау мақсатында тергеу жүргізу Қағидаларын осы қаулыдағы қосымшаға сәйкес бекітілсін

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

А. Мамин