• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Гендерлік теңдікке арналған тренингтер

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы Г.Н. Әбдіқалықованың тапсырмасына сәйкес 2017-2018 жылдары Ұлттық экономика министрлігі Гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту бойынша БҰҰ құрылымымен бірігіп «Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемдесу және Қазақстанда тең құқылықты ілгерілету саласындағы міндеттерді іске асыру» жобасын жүзеге асырады.

Зерттеу барысында 2017 жылы Мемлекеттік жоспарлау құжаттар мен бюджеттік бағдарламалар гендерлік талдау жүргізу, мемлекеттік қызметшілерге арналған арнайы оқу курстарын әзірлеу және жүзеге асыру; тренингтер өткізу, бизнес саласындағы әйелдер жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саясаты құралдарының дамуы туралы даярлауды қамтамасыз ету және т.б. жоспарланып отыр.

Осы жұмыс шеңберінде 28-29 қыркүйекте Ақмола облысының Бурабай қаласында халықаралық сарапшы Андрей Петрояның (Молдова Республикасы) қатысуымен мемлекеттік қызметшілерге арналған тренинг өткізілді.

Осындай екі күндік тренингтер Шымкент (2-3 қазан)

және Ақтөбе (5-6 қазан) қалаларында өткізілді. Мұндай тренинг ұйымдастырушылары БҰҰ-әйелдер құрылымы мен Ұлттық экономика министрлігі болды.

Осы тренингтердің негізгі мақсаты мемлекеттік қызметшілерге қоғамның барлық мүшелерінің тең және әділ дамуын қамтамасыз ету үшін жоспарлау мен бюджеттеуде гендерлік-сезімтал талдау құралдарын қолдануға көмектесу болды. Тренингте гендерлік теңдікке, гендерлік стереотиптерге және гендерлік маңызға байланысты негізгі мәселелер талқыланды.