• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесін бекіту туралы»

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексін (Салық кодексі) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

2. Гранттарды тарту және пайдалану жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдар ұсыныстары бойынша "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 1-бабының 1-тармағы 13) тармақшасының талаптарына сәйкес тізбеге енгізуге орынды болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын тізбеге толықтырулар енгізу туралы тиісті шешімнің жобасын енгізеді деп белгіленсін.

3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                     Б. Сағынтаев