• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекіту туралы

«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның ресми баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті мен жергілікті атқарушы органдар (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдіктері) осы бұйрықты іске асыру бойынша шаралар қабылдасын.

4. Осы бұрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице – министрі Т.М. Жақсылықовқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

Министр                                                                                       Е. Досаев

 

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2014 жылғы «      »              

бұйрығымен бекітілген

Халықты сауда алаңымен қамтамасыз

етудің ең төменгі нормативтері

р/с №

Өңір

1 мың адамға шаршы метр*

1.

Астана қаласы

360

2.

Алматы қаласы

485

3.

Ақмола облысы

153

4.

Ақтөбе облысы

177

5.

Алматы облысы

74

6.

Атырау облысы

259

7.

Батыс Қазақстан облысы

97

8.

Жамбыл облысы

77

9.

Қарағанды облысы

217

10.

Қостанай облысы

209

11.

Қызылорда облысы

95

12.

Маңғыстау облысы

199

13.

Оңтүстік Қазақстан облысы

73

14.

Павлодар облысы

232

15.

Солтүстік Қазақстан облысы

310

16.

Шығыс Қазақстан облысы

166

17.

Қазақстан Республикасы

187

Ескертпе: *Сауда нарықтарындағы сауда алаңын есепке алмағандағы сауда алаңы.

«Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін

бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы жобасына анықтама-негіздеме

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7) тармақшасы

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

2014 жылғы 29 қыркүйектегі №239-V ҚРЗ «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы»

Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын іске асыру мақсатында

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

«Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 маусымдағы № 734 қаулысы

5.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді

жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме

Республикалық бюджеттен қаржы шығындарын көздемейді

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

жоқ

8.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді

2014 жылғы «     »                   Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің www.minplan.gov.kz интернет-ресурсында және 2014 жылғы

«    »                     мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылды. (МБ қаз., орыс – Кб, МБ қосымша қаз., орыс – Кб, АН қаз., орыс – Кб)

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

жоқ

Директордың

міндетін атқарушы                         __________                           Д. Мұратбеков

лауазымы                                        қолы                             тегі және аты-жөні