• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

ИИС -Талдау

Комитеттің «Талдау» ақпараттық – талдамалық жүйесі

Халықтың статистикалық ақпаратқа қажеттілігін қанағаттандыру үшін Комитет деректерді «Талдау» АТЖ-да жариялайды.

Жүйе халыққа, мемлекеттік органдарға, кәсіпорындарға және ұйымдарға қолайлы интерактивті режимде статистикалық көрсеткіштер бойынша барлық өзекті статистикалық ақпаратты ұсыну мақсатында іске асырылған.

«Талдау» АТЖ-ның мүмкіндіктері мен артықшылықтары:

  • деректерді түрлі кестелік, графикалық және картографиялық түрде және бөліністерде ұсыну;
  • деректерді белгіленген шарттар бойынша визуализациялау;
  • деректерге статистикалық талдау жүргізу үшін құралдарды ұсыну; (өңірлер мен сыныптау бөлінісінде деректерді салыстыру, серпінділік қатарын құру мен корреляциялық талдау);
  • таңдап алынған деректерді немесе талдау нәтижелерін деректердің қолжетімді жалпыға ортақ қабылданған (excel ,pdf форматта) шығарып алу;
  • кілт сөз және жіктелім элементінің атауы бойынша іздеу.

«Талдау» АТЖ мына модульдерді қамтиды:

«Жеке кабинет» – әр пайдаланушының өзінің «Жеке кабинетін» ашу мүмкіндігі бар, оның көмегімен ол өзінің кестелерін, графиктерін, диаграммаларын жасауына және өзінің жеке бетінде сақтауына болады.

«Көрсеткішті іздеу» – кілт сөз бойынша көрсеткішті жылдам іздеуді және жіктелім элементінің атауы бойынша жедел іздеуді қамтиды.

«Талдау» – пайдаланушыларға қажетті көрсеткіштер бойынша өз бетінше салыстырмалы талдау жасауға, сондай-ақ жүйенің өзіндегі талдау түрлерін қолдануға мүмкіндік береді.

«Статистика бөлімдері» – таңдалған статистика саласы туралы ақпаратты қамтиды.

«Конструктор» – пайдаланушыларға АТЖ-ға жүктелген статистикалық көрсеткіштер бойынша өз диаграммаларын құруға мүмкіндік береді.

«Өңірлер» – негізгі статистикалық көрсеткіштер бойынша ҚР 16 өңірлерінің әр қайсысы жөнінде толық статистикалық ақпаратты қамтиды.

«Талдау» АТЖ-да тұрақты негізде өзектендірілетін 3000-нан астам статистикалық көрсеткіш бар: олар 2000 жылдан бастап жылдық кезеңділікте және 2011 жылдан бастап айлық және тоқсандық кезеңділікте, бірнеше жылдар серпінінде көрсетіледі.

Сіз «Талдау» АТЖ-ның барлық статистикалық көрсеткіштерін http://taldau.stat.gov.kz/kk/Search/SearchByKeyWord сілтемесіне өту арқылы көруіңізге болады.

Ашық деректердің массивтерін жедел алу мақсатында машиналы оқу форматында «Талдау» АТЖ-де API (http://taldau.stat.gov.kz/ru/Api/) арқылы сұрауларды беру мүмкіндігі жүзеге асырылды. Яғни пайдаланушы СК-мен шарт жасамай ашық деректерді еркін пайдалана алады (сонымен қатар қайта), тегін, мерзімсіз және пайдалану аймағын шектеу, сондай-ақ оларды көшіруге, жариялауға, таратуға, ашық деректерді өзгертуге және оларды басқа ақпаратпен қосуға, сонымен қатар ЭЕМ мен қосымша үшін бағдарламалар құру мақсатында пайдалана алады.

API сауалдың нәтижелерін шығарудың екі форматын ұсынады:

- JSON;

- XML.

Клиенттік бөлік пен taldau.stat.gov.kz сервері арасындағы деректер алмастыру HTTP хаттамасы арқылы жүзеге асырылады.

Пайдаланушы ашық деректерді ашу кезінде келесілерге:

- ашық деректерді тек заңды мақсатта пайдалануға;

- ашық деректерді пайдалану кезінде бұрмалауға;

- ашық деректерді пайдалану кезінде ақпарат көзіне сілтеме жасауға міндетті.