• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Инфроқұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының 2017 жылғы қорытындысы бойынша анықтама

«Нұрлы жол» Мембағдарламасын іске асыруға 2017 жылы 472,8 млрд. теңге бөлінген (Ұлттық қордан (бұдан әрі - ҰҚ) – 312,7 млрд. теңге, республикалық бюджеттен (бұдан әрі – РБ) – 144,5 млрд. теңге, сыртқы қарызды қоса қаржыландыруға – 15,6 млрд. теңге) 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша оның 470,8 млрд. теңгесі немесе 99,5% (ҰҚ – 310,7 млрд. теңге және РБ – 144,5 млрд. теңге, сыртқы қарызды қоса қаржыландыру бойынша – 15,6 млрд. теңге) игерілген.

Көліктік – логистикалық инфрақұрылымды дамыту

Автомобиль жолдарын дамыту

2017 жылы автомобиль жолдарын салуға 255,6  млрд. теңге көзделген (ҰҚ – 143,5 млрд. теңге, сыртқы қарызды қоса қаржыландыру – 15,6 млрд. теңге және РБ – 96,5 млрд. теңге), 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, олар толық көлемде (100%) игерілген.

2017 жылдың қорытындысы бойынша реконструкциялау объектілері бойынша 7 ауыспалы жобаларды 603 км қозғалысы ашылды.

Анықтама ретінде: Орталық-Оңтүстік – 16 км; Ақтау-Шетпе – 170 км; Бейнеу-Ақтау – 60 км; Орталық-Шығыс – 216 км; Алматы-Талдықорған – 24 км; Ақтөбе-Мақат – 26 км; Орал-Тасқала – 65 км; Астана-Петропавл – 5 км;

Республикалық бюджет қаражаты мен халықаралық қаржы институттарының қарыздары есебінен 16 жаңа жобаны іске асыру басталды.

Анықтама ретінде: Бейнеу-Ақжігіт, Щучье-Зеренді, Таскескен-Бақты, Осинов өткелі, Қандыағаш-Мақат, Кұрты-Бурылбайтал, Мерке-Бұрылбайтал, Талдықорған – Өскемен, Жетібай-Жаңаөзен, Қалбатау-Майқапшағай, Үшарал-Достық, Ақтөбе-Қандыағаш, Атырау – Астрахань, Ұзынағаш-Отар, Қостанай-Денисовка және Астана қаласының Оңтүстік-Батыс айналма жолы.

Астана халықаралық әуежайының жолаушылар терминалын реконструкциялау

2017 жылы жарғылық капиталының ұлғайтуға «Астана халықаралық әуежайы» АҚ қазынашылық шотына ҰҚ қаражатынан 3,5 млрд. теңге көзделіп, аударылды, жыл қорытындысы бойынша толық көлемде игерілген (100%).

Анықтама ретінде:

Ағымдағы жылдғы 31 мамырда «Астана халықаралық әуежайы» АҚ жаңа терминалы құрылысының объектілерін пайдалануға енгізу актісіне қол қойылды:

- жолаушылар терминалының ғимараты, вокзал алаңының реконструкциясы;

- перрон мен орталық жанармай құю станциясының реконструкциясы.

Алматы 1 – Шу учаскесінде екінші жол салу

2017 жылы аталған жобаны салуға 10,4 млрд. теңге көлемінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ меншікті қаражаты көзделіп, олар 2017 жылдың қорытындысы бойынша толық көлемдеген (100%).

2017 жылғы қарашада ұзындығы 59 км екінші іске қосу кешенінде барлық құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, бұл осы жобаны толық пайдалануға беруге мүмкіндік берді.

Учаскенің өткізу және тасымалдау қабілеті жүк поезды тәулігіне 17 жұптан 68 жұпқа дейін ұлғайтылды, жүк поездарының жылдамдығы 1,5 есеге артты (27,8 км/сағ. - тан 40 км/сағ. дейін), Алматы мен Шу станциялары аралығындағы жүк қозғалысының уақыты 3,5 сағатқа қысқарған.

Құрық портында паром кешенін салу

2017 жылы жобаны іске асыруға – 66,9 млрд. теңге бөлінді (ҰҚ – 18,9 млрд. теңге, РБ – 48 млрд. теңге). Көзделген қаражат паром кешенінің 2-фазасының құрылысын аяқтауға бағытталған (100%), оның ішінде 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ 50 млрд. теңгені игерді (ҰҚ – 2 млрд. теңге, РБ – 48 млрд. теңге).

2017 жылдың қорытындысы бойынша Құрық теміржол паром терминалы арқылы шамамен 1,5 млн. тонна жүк ауыстырып тиелді.

Бұдан басқа, 2017 жылғы желтоқсан айында «Индустриаландыру күні» шеңберінде Құрық портында автокөлік паром терминал бірінші кездегі тестік іске қосылды.

Құрық портын дамытудың екінші фазасын – автомобиль паром терминалын іске асыру шеңберінде порт акваториясының түбін тереңдету аяқталды, гидротехникалық құрылыстары автопаромдық пирс кедендік және шекаралық бақылау объетілері ғимараттар мен құрылыстар салынуда.

Индустриялық инфрақұрылымды дамыту

2017 жылы «ҰИМТ» АЭА жалпы зауыттық инфрақұрылым объектілерінің құрылысын жалғастыруға ҰҚ қаражатынан 7,7 млрд. теңге көзделді.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша көзделген қаражат «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ атына толық көлемде аударылған (100%), оның 4,9 млрд. теңгесін  «Karabatan Utility Solutions» ЖШС игерілген.

Қазіргі уақытта ГТЭС жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары мен технологиялық жабдықтарды монтаждау жүргізілуде. Құрылыс алаңына барлық негізгі технологиялық жабдықтар қойылған. Жұмыс құрылыс-монтаж жұмыстарының кестесіне сәйкес жүргізілуде.

Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту

Бұл бағытқа 2017 жылы ҰҚ қаражатына 51,7 млрд. теңге көзделген, оның ішінде бюджеттік кредит теуге 41,1 млрд. теңге, табиғи монополиялар субъектілерін (бұдан әрі – ТМС) субсидиялауға - 4,4 млрд. теңге, сенім білдірілген агент пен операторға - 0,5 млрд. теңге, қазандықтарды реконструкциялау мен салуға - 5,7 млрд.теңге бағытталды.

2017-2018 жылдары шамамен 1190 км: оның ішінде жылу жүйелері -

63,3 км, сумен жабдықтау жүйелері бойынша – 1042,3 км, су бұру жүйелері бойынша – 84,4 км және 5 бірлік қазандық салу және реконструкциялау жоспарлануда.

2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайы бойынша жергілікті атқарушы органдарға (бұдан әрі - ЖАО) 51,7 млрд. теңге аударылды, ол қаржыландыру жоспарының 100% құрайды (оның ішінде субсидиялау шеңберінде - 4,4 млрд. теңге, сенім білдірілген агентіне - 0,5 млрд. теңге, жауғырту мен дамытудың «ТҚШ «Қазорталығы» АҚ, ТМС кредиттеу шеңберінде - 41,1 млрд. теңг, қазандықтардың құрылысы мен реконструкциялауға - 5,7 млрд. теңге).ТМС 35,4 млрд. теңге игерді.

Жоспарланған 700 км инженерлік жүйенің 765,1 км, оның ішінде 20,4 км жылумен жабдықтау жүйесі, 744,7 км сумен жабдықтау және су бұру жүйелері салынып, реконструкцияланды.

2017 жылдың соңына сумен жабдықау және су бұру жүйелерінің тозуы 63% дан 60% төмендеді.

Білім беру саласындағы инфрақұрылымды дамыту

2017 жылы ҰҚ қаражатынан 109 мектепті (53 - ауыспалы, 56 - жаңа) салуға 68,1 млрд. теңге көзделген, 2018 жылғы 1 қаңтар жағдай бойынша ЖАО оның 67,7 млрд. тенгесін игерді (99,4%).

2017 жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған 76 мектептің

73 мектеп (Ақтөбе – 10 мектеп, Алматы – 29 мектеп, Жамбыл, БҚО - 2 мектептен, Астана қ. – 3 мектеп, ШҚО – 4 мектеп, Қызылорда – 2 мектеп, Қарағандыда – 1 мектептен, ОҚО – жоспар 19 мектеп, факт 20 мектеп) және Маңғыстау мен Шығыс Қазақстан облыстарында 2 балабақша пайдалануға берілген.

Анықтама ретінде:

1) Алматы облысы – инженерлік жүйелер бойынша техникалық талаптардың өзгеруіне соттың және мемлекеттік сатып алудың қатысушыларын деп таныуна байланысты 2 мектеп пайдалануға беру кешіктірілген.

2018 жылғы 31 қаңтарға дейін пайдалануға беру күтілуде.

2) Батыс Қазақстан облысы – соттын талқылаунда және құрылыс-монтаж жұмыстарының бекітілген кестеден артта қалуына байланысты 2 мектеп пайдалануға беру кешіктірілген.

2018 жылғы 1 тоқсанда пайдалануға беру күтілуде.

«Бизнестің жол картасы 2020» шеңберінде кәсіпкерлік объектілеріне жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерінің объектілеріне жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізуге 2017 жылы ҰҚ – дан 8,6 млрд. теңге көлемінде қаражат көзделіп, олар өңірлерге жеткізілген.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ЖАО 7,3 млрд. теңгені игерді (85%).

1,3 млрд. тенге көлеміндегі игерілмеу атқарылған жұмыстардың актілерін ұсынбауына, жобаларға түзету еңгізуге сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша пайда үнемдеуге байланысты болған.

Осы бағыт бойынша ағымдағы жылы түзетулерді ескере отырып, шағын және орта бизнестің 20 инвестициялық жобасын, оның ішінде индустриялық аймақтарға инфрақұрылымын тарту бойынша 2 жоба (Алматы облысында «Қайрат» ИА және Қостанай қаласында Индустриялық аймақ).

МҚҰ бірге жобаларды дайындау мен іске асыру

2017 жылы ХҚҰ жобаларын қоса қаржыландыру үшін ҰҚ қаражаттары есебінен 10,7 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойныша 10,4 млрд. теңге игерілді (97%).

Толық игерілмеу жобаларды кешіктіріп ратификациялаумен, ұзақ келісумен және техникалық мәселелерді бекітумен байланысты., сондай-ақ контрактілерді кешіктіріп жасасу жалпы жобаның жүзеге асыруын кешіктіруге алып келді.