• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Ішкі нарықты қорғау шаралары

1. Үшінші елдерден тауарлар импортына қатысты саудалық қорғау шараларын қолдану  мәселелері бойынша

Мемлекет жүргізіп отырған индустриалды-инновациялық саясат шеңберінде отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін дамыту мәселесі ерекше өзекті болып табылады. Бұл ретте, экономика салаларын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауда ішкі нарықты қорғау шаралары – арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары маңызды рөлге ие болуда.

Сауда шаралары отандық өндірісті Дүниежүзілік сауда ұйымының қағидаларында руқсат берілген және ДСҰ мүше елдерде кеңінен қолданылатын  импорттан қорғаудың заңды құралы болып табылады.

Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - ЕуразЭО)  шарттық-құқықтық базасын қалыптастыру кезінде 2008 жылғы 25 қаңтарда Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасасты, соған сәйкес арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын енгізу алдындағы тексерістерді жүргізу,  сондай-ақ  сауда шараларын қолдану функциялары ұлттық деңгейге – Еуразиялық экономикалық комиссияға  (бұдан әрі – ЕЭК) берілді.

Кейіннен көрсетілген Келісім 2014 жылңы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ажырамас бөлігіне айналды (қосымша).

Келісім нормаларын іске асыру шеңберінде ЕЭК  Алқасының  № 1 шешімі қабылданды, соған сәйкес тексерістерді және басқа да рәсімдік іс-әреекеттерді  жүргізу өкілеттілігі 2012 жылғы 17 сәуірден бастап ЕЭК-тің Іішкі нарықты қорғау департаментіне берілді (тексеру жүргізетін орган).

Осылайша, Ресей Федерациясымен, Беларусь Республикасымен және 2015 жылдан бастап Армения Республикасымен, Қырғыз Республикасымен  экономикалық интеграцияны ескере отырып бүгінде ЕуразЭО шеңберінде  бірыңғай арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары қолданылады.

Осы ережені ескере келе,  ұлттық заңнама нормаларын ЕуразЭО туралы шартқа және ДСҰ келісімдеріне сәйкестендіру мақсатында «Қазақстан Республикасының қолданыстағы үш заңының орнына[1] «Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңы әзірленді.

Сауда шаралары мынандай жағдайларда енгізілетінін атап өту керек:

арнайы қорғау шарасы – ЕуразЭО кеден аумағына тауарлар импорты өскен жағдайда әкелу кеден бажына тәуелсіз өндіріп алынатын импорттық квотаны, арнайы квотаны немесе арнайы бажды енгізу арқылы қолданылады. Арнайы қорғау шарасының мақсаты экономикалық икемделу процесін жеңілдету мақсатында  қажетті өзгерістерді жүзеге асыру үшін ішкі нарықта импорт өнімінің көлемін азайта отырып өнеркәсіпке уақытша  демалыс беруді білдіреді.

демпингке қарсы шара – демпингтік импортқа қарсы іс-қимыл шарасы, экспорттаушылар қабылдаған демпингке қарсы баж немесе бағалық міндеттемелер түрінде қолданылады. Тауар  егер осындай тауардың бағасы  оның қалыпты құнынан төмен болса ол демпингтік импорттың нысанасы болып табылатынын нақтылау  қажет. Осылайша, бұл шараның мақсаты демпингтік бағалар, яғни  қалыпты құннан төмен баға бойынша түсетін тауарлар тарыпанан  жосықсыз бәсекелестікті жоюға бағытталған.

өтемақы шарасы – шет мемлекеттің (шет мемлекеттер одағы) ерекше субсидиясының әсерін бейтараптандыру жөніндегі шара. Өтемақы шарасы  өтемақы бажы немесе субсидиялау шет мемлекет немесе субсидиялаушы   қабылдаған  ерікті міндеттемелер түрінде қолданылады.

Тұтастай алғанда үш шара да баждар, квоталар немесе міндеттемелер  белгілеу арқылы импортты шектеуге  бағытталған.

Демпингке қасы және өтемақы шаралары жекелеген елдерден келетін импортқа қатысты қолданылатын арнайы қорғау шарасы оның шығарылатын елінен тәуелісіз  тауар импортына қатысты қолданылады.

Арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын енгізу үшін  тиісті тексерулер жүргізу қажет. Тексеру рәсімі  өтінішті қарауды,  тексерудің басталғаны туралы шешім қабылдауды,  тексерудің өзін жүргізуді, ЕЭК-тің шешім қабылдауын қамтиды. Тексерулер барысында жария тыңдаулар,  ақпараттарды жинау  және талдау,  сауалнамаларды және олардың есептеріне талдауды жіберуді, тексеру сапарларын өткізуді, алдын ала шаралар енгізу туралы шешім қабылдауды, тексеру қорытындылары бойынша баяндама дайындауды қамтиды.

Арнайы қорғау тексерулерін жүргізу кезеңі 9 (12) айды, демпингке қарсы және өтемақылық - 12 (18) айды құрайды.

Тексерулерді Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаменті  ЕАЭО мүше мемлекеттердің  экономика салалары атынан түскен өтініштің негізінде жүргізеді. Тексеру  жүргізуді бастаудың негізгі талабы  өтініш бергендер өндірісі үлесінің тұтастай Еуразиялық экономикалық одақтың  жалпы өндірісінің кемінде 25%  құрайтыны болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы тауарлар өндірісінің көлемін ескере отырып (негізінен жалпы ЕуразЭО өндірісі көлемінің 25% кем емес)  қазақстандық өндірушілер қазақстандық кәсіпорындардың экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында ЕЭК Ішкі нарықты қорғау департаментіне  бірлесіп өтініш беру үшін, әдетте, Беларусь Республикасының, Ресей Федерациясының, Армения Республикасының және Қырғыз Республикасының өндірушілерімен бірігулері қажет.

ЕуразЭО басқа қатысушы елдері өндірушілерінің өтініштері бойынша  тексерулерге бастама жасалған жағдайда Министрлік ұсынылатын шаралардан Қазақстан экономикасына келетін болуы мүмкін экономикалық салдарларға  және  Қазақстан өндірушілері үшін оң нәтижелерге, сондай-ақ отандық бизнеске келетін залалға жол бермеу үшін талдау жүргізеді,  Қазақстан тарапы ЕЭК шешім қабылдаған кезде осындай шараларды қолдайды. Керісінше болған жағдайда шараны енгізудің орынсыздығы туралы ұстаным дайындалады.

Арнайы қорғау,  демпингке қарсы және  өтемақы шараларын енгізу туралы шешімді  ЕЭК Ішкі нарықты қорғау департаменті ұсынысының негізінде ЕЭК Алқасы қабылдайды.

Комиссия Алқасы  ЕЭК  Алқасы мүшелері жалпы санының үштен екі  білігінің көпшілік дауысымен қабылдайды.

Анықтама: Қазақстан тарапы Комиссия Алқасының шешімімен келіспеген жағдайда  бұл мәселе  ЕЭК  Кеңесінің деңгейіне шығарылады, онда шешім консенсуспен қабылданады.  Консенсусқа қол жеткізілмеген немесе  ЕЭК Кеңесі қабылдаған шешіммен келіспеген жағдайда  бұл мәселе мүше мемлекеттің бастамасы бойынша оларда да шешім консенсуспен қабылданатын  Үкіметаралық кеңестің және (немесе)  Жоғарғы Кеңестің  қарауына енгізілуі мүмкін.

Қазіргі уақытта ЕуазЭО аумағында 17 демпингке қарсы шара қолданылады және болат құбырлардың, болаттан тұтастай  жасалған дөңгелектердің,  суықтай қақталған құрақсыз құбырлардың, гербицидтердің, шайқау подшипнигінің (ине тәрізділерді қоспағанда), графиттелген электродтардың, шынжыр табанды бульдозерлердің кейбір түрлеріне қатысты демпингке қарсы тексерулер жүргізілуде.

Анықтама: қолданыстағы шаралар – болат құбырлардың,  шайқау подшипниктерінің, полимермен жабылған металл илектің, татқа төзімді болаттан жасалған ас үй және асхана  құралдарының, бұрғылау және мұнай мен газ құбырларын пайдалану үшін қолданылатын тат баспайтын болаттан тұтастай қақталған  құрақсыз құбырлардың, лимон қышқылының, шынжыр табанды бульдозерлердің, жүк дөңгелектерінің, прокат илектер үшін болаттан жасалған біліктердің, болаттан тұтастай жасалған дөңгелектердің, сымдардың, тат баспайтын құбырлардың, ферросиликомарганецтің,  графиттелген электродтардың, жеңіл коммерциялық автомобильдердің, болаттан ыстықтай  жасалған бұрыштамалардың жекелеген түрлеріне қатысты  

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі  сонымен  бірге  сауда шараларын қолдану саласында ЕЭК өзара іс-қимыл жасау мәселелерін үйлестіретін  уәкілетті орган болып табылады.

Бұл ретте,  отандық өндірушілердің  ЕЭК шеңберінде тексерулерге бастама жасаулары бойынша мүдделілігі және ЕЭК Ішкі нарықты қорғау департаментіне  өтініш берген жағдайда  техникалық ынтымақтастық және консультациялық көмек көрсету мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүгіну қажет.

2. Үшінші елдердің қазақстандық тауарларға қатысты сауда шараларын қолдану мәселесі бойынша

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, сондай-ақ,  Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып  үшінші елдер  қазақстандық тауарлардың басқа елдер нарықтарына қол жеткізуіне (тексерулерге бастама жасайтын және жүргізетін ұстанымдары мен ой-пікірлерін жіберетін, сауалнамаларға жедел жауап беретін, жария тыңдауларға қатысатын және басқа) шек қоятын  қандай да бір шаралар (оның ішінде  қорғаныс, демпингке қарсы және өтемақы шаралары да)  енгізген жағдайда  қазақстадық кәсіпорындардың мүдделерін қорғау  жұмысын жүргізуде.

Бүгінгі күнге қазақстандық тауарлардың үшінші елдер нарығына қол жеткізуіне кері әсер ететін және әлеуетті түрде әсер етуі мүмкін 4 демпингке қарсы шара қолданылады. Ыстықтай басылған тегіс илекке қатысты демпингке қарсы шараларды Индонезия мен Тайланд, суықтай басылған тегіс илекке қатысты   Мексика,   ферросиликомарганецке қатысты  – АҰШ қолданады.

Қазіргі уақытта Қазақстанға қатысты үшінші елдер қолданатын қорғаныс, демпингке қарсы және өтемақы шараларының әсеріне талдау жүргізудің негізінде Индонезии, Мексики, АҚШ, Таиланд елдері қолданатын шараларды  жою немесе сол елдердің атына қайта қарауға қатысты және екі жақты кездесулер өткізуді сұраған тиісті нота дайындалды және жіберілді. Бұдан басқа  Дүниежүзілік сауда ұйымының алаңында Қазақстан Республикасының  ауызша өтініші жарияланды.  

2017 жылы қазақстандық тауарларға  қатысты үшінші елдер мынадай тексерулерге бастама жасады.

1. Канаданың Шекара қызметі агенттігі (бұдан әрі – Канада Агенттігі) және Канаданың Халықаралық сауда жөніндегі трибуналы (бұдан әрі – Канада Трибуналы) 2017 жылғы 20 ақпанда  Канаданың кеден аумағына экспортталатын  қазақстадық металл кремнийге қатысты демпингке қарсы және өтемақы тексерулерін бастады. Көрсетілген тексерулердің барысында Министрлік  Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып қазақстандық кәсіпорындардың мүлдделерін қорғауда белсенді жұмыс жүргізді.

Канада Агенттігінің атына қазақстандық өндірушілердің пайдасы үшін Қазақстан тарапының дәлелдері бірнеше рет жіберілді, сондай-ақ Канада белгілеген мерзімде бір негізгі және 3 қосымша сауалнамаға қазақсандық мемлекеттік кәсіпорындар пысықтаған жауаптар жолданды. Ағымдағы жылдың жазында Министрлік пен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ өкілдерінің Канаданың Шекара қызметі агенттігінің өкілдерімен верификациялық кездесуі өткізілді.

Нәтижесінде, 2017 жылғы 2 қарашада Канада Трибуналы жүргізген тексерулердің нәтижесінде Қазақстаннан импорттың салдарынан Канада өнеркәсібіне келген зиянның жоқтығы туралы түпкілікті шешім қабылданды. Осылайша, қазақстандық кремнийге қатысты Канада органдарының тексерулері  ешқандай шаралар  қабылдаусыз аяқталды, бұл қазақстандық өндіріс үшін осы тауар экспортының басым бағыттарының бірі болып табылатын қолжетімдіктің сақталғанын білдіреді.

2. 2017 жылғы 25 тамыздан бастап АҚШ Сауда министрлігі мен АҚШ-тың Халықаралық сауда комиссиясының (бұдан әрі – АҚШ комиссиясы) Қазақстан мен Жапониядан шығарылатын кеуекті титанға қатысты алдын ала демпингке қарсы және өтемақылық тексеру кезеңдері жүргізілді. Жұмыстың барысында АҚШ Сауда министрлігінің өкілдерімен телефон арқылы байланыс жасалды, 2017 жылғы қыркүйекте АҚШ Комиссиясында жария тыңдаулар өткізілді,  оған  қазақстандық кәсіпорын «Өскемен титан-магнит комбинаты» АҚ өкілдері қатысты. 2017 жылғы 6 қазанда АҚШ-тың Халықаралық сауда  комиссиясының мүшелері Америка өнеркәсәібіне зиянның болмауына байланыты қазақстандық кеуек титанға қатысты демпингке қарсы және өтемақылық тексерулерді тоқтату туралы бірауыздан шешім қабылдады.  Осылайша,  қазақстандық кеуек титанға қатысты тексерулер  ешқандай шаралар қабылдаусыз аяқталды.

3. Үстіміздегі жылғы наурызда АҚШ Сауда министрлігі Қазақстанда шығарылатын және АҚШ тасылатын металл кремнийге қатысты  өтемақылық тексерулерді бастады. АҚШ Сауда министрлігі  қазақстандық металл кремнийге қатысты  жүргізіліп жатқан өтемақылық тексеру бойынша түпкілікті шешімді 2018 жылғы  ақпанда  шығаруды жоспарлауда.

Қазіргі уақытта  көрсетілген америкалық органмен жүйелі түрде хат және пікір алмасулар  жүзеге асырылуда, сауалнамаларға жауаптар АҚШ белгілеген мерзімде жіберілді. Үстіміздегі жылғы қазанда Вашингтон қаласында  Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменовтің АҚШ Сауда министрлігі  басшылығымен кездесуі болып өтті, соның барысында жүргізіліп жатқан тексерулер  талқыланды. Үстіміздегі жылғы қарашада экспорттық деңгейде консультациялар жүргізілді, соның барысында Министрлік қызметкерлері  Америка тарапы көтерген бірқатар сұрақтарға түсініктемелер берді, рәсімдік сәттерге қатысты қарсы сұрақтар қойылды,  құжаттарды «Access» жүйесіне салу мәселесі талқыланды.

Бұдан басқа, ДСҰ комитеттерінің шеңберінде үстіміздегі жылғы қазанда Женева қаласында (Швейцария)  болып өткен қорғаныс шаралары, демпингке қарсы практика, субсидиялар мен өтемақы шаралары бойынша Қазақстан Республикасының ауызша өтініші  баяндалды.  

Тұтастай алғанда америкалық органдардың сындарды тәсіл және тексерулерді қазақстандық өндірушіге қатысты қандай да бір шараны қолданусыз аяқтау мәселесін пысықтау жұмысы  жалғасатын болады.

4. Индияның Сауда және өнеркәсіп министрлігінің 2017 жылғы 4 шілдедегі  хабарламасына сәйкес  Қазақстан Республикасынан шығарылатын дихромат натрийге қатысты  демпингке қарсы шара қолдану алдындағы тексеру жүргізілуде.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі ҚР Инвестициялар және даму министсрлігімен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп шаралар енгізудің отандық өндірістің жай-күйіне  болуы мүмкін әсерге талдау жүргізді, оның қорытындысы бойынша дипломатиялық арналар арқылы Индия тарапына тиісті өтінім жіберілді.

Үшінші елдер қандай да бір шараны қолданбай тексерулерді шет мемлекеттердің органдарымен бірлесіп аяқтау мәселесін пысықтау мәселесін қозғауға бастама жасаған жағдайда бұл оларға қатысты тексеру жүргізілетін отандық өндірушілердің белсенді қатысуларына, бастамалары мен  тартылуларына  тікелей қатысты  болатынын атап өту керек.

Мәселен, қазақстандық тауарларға қатысты тексерулер басталған жағдайда  мүдделі кәсіпорындар:

- шет мемлекеттерден тиісті хабарламаларды алғаннан кейін тексеруге қатысушы ретінде тіркелулері;

- белгіленген мерзімде сауалнамаға жауаптар берулері;

- жария тыңдауларға және басқа да рәсімдік сәттерге қатысулары қажет.

Бұл ретте, Министрлік үшінші елдер тексерулерге бастама жасаған және сауда шараларын қабылдаған жағдайда қазақстандық кәсіпорындарға  консультациялық және  талдамалық қолдау жасауға дайын.


[1] «Тауарлар импорты кезінде ішкі нарықты қорғау шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Заңы, «Демпингке қарсы шаралар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы13 шілдедегі Заңы, «Субсиялдяилар мен өтемақы шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы  16 шілдедегі Заңы