• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан 2018 жылы ДЭФ жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі позициясын жақсартуға ниетті

Қазақстан 2018 жылы ДЭФ жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі позициясын жақсартуға ниетті

Қазақстан 2018 жылдың қорытындысы бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (ДЭФ ЖБИ) рейтингінде 57-орыннан 45-орынға ауысуды көздейді- деді өз баяндамасында  Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті директорының орынбасары Бауыржан  Тұрлыбеков.

«Рейтингте (ДЭФ ЖБИ) өткен жылы біз 138 елдің ішінде 57 орында болдық. Биыл 2017 жылға арналған қолдағы стаистикалық деректер негізінде, біз рейтинг жақсарады деген ойдамыз. 2018 жылға арналған мақсатты көрсеткіш – 45-орын», - деді Б.Тұрлыбеков орталық мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ҰКП-ның ДЭФ ЖБИ аясындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша жұмада өткізген кездесуінде.

ҚР ҰЭМ еліміз 2018 жылы сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша көзделген жалпы ішкі өнім шамасы бойынша рейтингтегі 40-позициясын сақтап қалады деген ойда. Сондай-ақ «ІЖӨ-ге экспорт %» көрсеткіші бойынша 2017 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 2016 жылғы 31,7%-дан 36,9%-ға дейінгі өсім Қазақстанның позициясын жаңа рейтингте қазіргі 71-орыннан 62-орынға жақсартуға ықпал ететін болады.

«Институттар» факторы бойынша Қазақстаның позициясы 49-орыннан 60-орынға төмендеді. Бұл факторға индикаторлардың көп бөлігі қатысты болғандықтан, олардың барлығы бойынша төмендеу орын алды.

«Үстіміздегі жылы біз «Институттар» факторы бойынша 8 позицияға жақсарудың болуын күтіп отырмыз», - деді Б. Тұрлыбеков.

Өткен жылдың соңында 2018-2019 жылдарға арналған ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша өзектендірілген шаралар жоспары қабылданды.

Шаралар жоспарында жер қатынастары саласындағы рәсімдерді оңайлату, білікті жеткізушілердің тізілімін құру, ЕДБ несие беру үдерістерін оңтайландыру және мерзімін қысқарту, кәсіпкерлерді оқыту және құзыретін арттыру бағдарламаларымен қамтуды ұлғайту, отандық тауар өндірушілердің  ұлттық компаниялармен және жүйе құрушы кәсіпорындармен ұзақмерзімді шарт жасасуына жәрдемдесу тәрізді және тағы да басқа жүйелі іс-шаралар қарастырылған.

2018 жылы Ұлттық экономика министрлігі сондай-ақ салықтық емес ауыртпалықтарға әкелетін бизнестің ақылы қызметтеріне талдау жүргізу және оларды төмендету бойынша ұсыныстар әзірлеуді жоспарлауда.

Мемлекеттік шығындардың тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік органдардың жұмысына бюджеттің ашықтығы ұстанымы енгізілетін болады.

«Тауарлар нарығының тиімділігі» факторы бойынша ДСҰ-дағы ресейлік және қазақстандық міндеттемелерге сәйкес жыл сайын бірқатар белгілі бір тауарлар үшін импорттық кедендік бажды азайту рәсімі жүргізіледі.

«Компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі» факторы бойынша өнеркәсіптік салалардың сұранысы есебінен 1000 стандарт әзірленіп, қабылданды.

Арнайы экономикалық аймақтардың базасында құрылыс материалдарының өндірісі бойынша кластерлер құрылды. Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында автомобиль кластерін құру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Үстіміздегі жылы ірі жүйе құрушы компаниялардың маңында көршілес өндірісті дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады», - деді Тұрлыбеков. 

Бұдан басқа, отандық тауар өндірушілерге ірі компаниялармен ұзақмерзімді кепілдендірілген шарт жасауда жәрдем көрсетілетін болады.

Осы және басқа да шаралар, Тұрлыбековтың айтуынша, Қазақстанның ДЭФ жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі позициясын жақсарту бойынша мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді.

Анықтама: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (The Global Competitiveness Index) — Дүниежүзілік экономикалық форумның (World Economic Forum) нұсқасы бойынша экономикалық бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші жөнінде әлем елдерін жаһандық зерттеу және оның рейтингін сүйемелдеу.

Қазақстан «ДЭФ жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі» рейтингіне 2006 жылдан бері қатысуда. Рейтинг 12 фактор бойынша (экономика, инфрақұрылым, денсаулық сақтау және білім беру, технологиялық дайындық, еңбек, қаржы, тауарлар нарығы және басқалар) қоғамдастырылған 114 индикатордан тұрады.  

Қазақстан 2018 жылы ДЭФ жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі позициясын жақсартуға ниетті