• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 157 бұйрығына өзгеріс енгізу турал» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 8 қазандағы №23 бұйрығының күшін жою туралы

«Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидасын бекіту туралы» 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 157 бұйрығына өзгеріс енгізу турал» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 8 қазандағы № 23 бұйрығының күші жойылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың көшірмесін екі күндік мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мәлімет үшін жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі                                           Т. Сүлейменов