• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1030 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасы туралы»

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың  2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы 2015 жылғы 6 сәуірдегі  № 1030 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы №957 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» «Қазақстан Республикасы Президенті бұйрығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 2 бабы және 13 бабының 3 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 маусымдағы қаулысының жобасын әзірледі.

Қаулы жобасында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекаралық қызметінің «2029 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Батыс Қазақстан облысындағы өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыштық қызмет қажеттіліктері үшін, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік санатындағы және басқа да ауыл шаруашылығындағы емес мақсаттағы жерлерден тұрақты жер пайдалану құқығында 250,2 га алаңдағы жер учаскесін беру қарастырылған. Жер учаскелерінің нысаналы мақсаты: инженерлік-техникалық құрылыстарды және қоршауларды орналастыру және ұстау, коммуникациялар және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу бекеттері үшін.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаевтың 2015 жылғы 28 қарашадағы № 11-17/4422 тапсрымасы және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Ұлттық қауіпсіздік қажеттіліктері үшін жер учаскелерін беруді келісу туралы» 2015 жылғы 29 қыркүйектегі қаулысы қаулы жобасын әзірлеу үшін негіз болып табылады.

Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық кері салдарларды туғызбайды.