• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

«Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы

20 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

Президент жанындағы цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысының 2019 жылғы 28 наурыздағы №1 хаттамасының 4.6-тармағымен мемлекеттік органдарға белгіленген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен алып тастау және талап етілмеген бірқатар анықтамаларды, оның ішінде мекенжай анықтамаларын беруді жою жөніндегі мәселені пысықтау тапсырылды.

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығымен бекітілген электр энергиясына оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай оны энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау қағидаларының (бұдан әрі - Қағида) 8-тармағында табиғи монополия субъектісіне тұтынушының тұрғылықты жерінен «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы берген мекенжай анықтамасын ұсынуы көзделген.

Осылайша, мекенжай анықтамаларын алып тастау бойынша жол картасына сәйкес веб-платформада жергілікті атқарушы органдардың табиғи монополиялар субъектілеріне «Электрондық үкіметтің өңірлік шлюзі» ақпараттық жүйесі арқылы тіркелген азаматтардың саны туралы мәліметтерді ұсыну жоспарланып отыр.

Осыған байланысты, аталған Қағида сәйкес келтіріліп отыр.

Осы бұйрықтың жобасын бекіту республикалық бюджеттен қаржы шығындарын білдірмейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға алып келмейді.