• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1453 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесіне сәйкес Ұлттық байланыс орталығы функцияларын іске асыру үшін жауапты органды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1453 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесіне сәйкес Ұлттық байланыс орталығы функцияларын іске асыру үшін жауапты органды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1453 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы тәжірибесіне сәйкес Ұлттық байланыс орталығы функцияларын іске асыру үшін жауапты болып айқындалсын.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

          Қазақстан Республикасының

                 Премьер-Министрі

                                             А. Мамин