• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2017 жылға арналған жоспары туралы» 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 905 және «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2017 жылға арналған жоспары туралы» 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 905 және «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 906 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші

мемлекеттік органның ақпараты

1

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

2

Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдаудың негіздемесі және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемесі

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі 

Б. Ә. Сағынтаевтың 2017 жылғы 14 ақпандағы № 20-25/171 тапсырмасына, Қазақстан Республикасының Үкіметі отырысының 2017 жылғы 

4 ақпандағы № 5 хаттамасының 

1.4-тармағына сәйкес, сондай-ақ Р.Е. Дәленовті Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі етіп тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің                 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 217 қаулысына, Е.Б.Бәкеновті Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі етіп тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің                 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 218 қаулысына сәйкес. ВАК  отырысының 2017 жылғы                     4 сәуірдегі № 421 хаттамасына сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасы мақұлданған болатын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы                        Н.Ш. Алдабергеновтің                      2017 жылғы 13 мамырдағы № 17-55/П-196 тапсырмасына сәйкес.

3

Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Аталған жобаны іске асыру қаржы шығындарына алып келмейді

4

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға алып келмейді

5

Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімі

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі 

Б. Ә. Сағынтаевтың 2017 жылғы 14 ақпандағы № 20-25/171 тапсырмасын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкіметі отырысының 2017 жылғы 

4 ақпандағы № 5 хаттамасының 

1.4-тармағына сәйкес, сондай-ақ Р.Е. Дәленовті Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі етіп тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 217 қаулысына сәйкес. ВАК  отырысының 2017 жылғы 4 сәуірдегі № 421 хаттамасына сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасы мақұлданған.

6

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

1.                «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2017 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 

29 желтоқсандағы № 905 қаулысы;

2.                «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 

29 желтоқсандағы № 906 қаулысы

7

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы

Талап етілмейді

8

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (ол бар болса)

Талап етілмейді

9

Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Талап етілмейді

10

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргiзiлген жағдайда, оның нәтижелері

Талап етілмейді

11

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі

Рұқсат етіледі

12

Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің  www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

13

Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады

Талап етілмейді

14

Халықаралық шартты ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

Жоба халықаралық шарт болып табылмайды