• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                                       К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  Үкіметінің

2015 жылғы  «15 » желтоқсандағы

№ 1088 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер

1. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiнде:

8-7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8-7. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша есептер мен қорытындылар және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі қорытындылар Қазақстан Республикасының Үкіметінде тыңдалады.

Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысы туралы есептік ақпарат Президент Әкімшілігіне «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен айқындалған нысан бойынша және мерзімдерде беріледі.»;

50-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) түсімдерін қысқартуға немесе шығыстарын ұлғайтуға алып келетін қаулылардың (өкімдердің) жобаларына Республикалық бюджет комиссиясының қорытындылары қоса беріледі.»;

95-тармақта:

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) егер заң жобасын іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың  түсімдерін қысқартуға немесе шығыстарын ұлғайтуға әкеп соқтыратын болса, қаржы-экономикалық есептемені;»;

15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«15) республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың  түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларына қатысты Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімінің көшірмесін;»;

6.3-1-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«6.3-1. Нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобалар мен мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар жобаларының тұжырымдамаларын таныстыруды жүргізу тәртібі»;

98-10-тармақ мынадай мазмұндағы бірінші бөлікпен толықтырылсын:

«98-10. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар жобаларының тұжырымдамалары таныстырылуы тиіс.»;

105-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«105. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған, оның ішінде   республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың  түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін заң жобалары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Парламентіне мемлекеттік және орыс тілдерінде қорытынды ұсынады.

Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, Үкіметке келіп түскен заңнамалық актілердің жобалары Ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралуға тиіс.

Қорытынды дайындауға жауапты деп айқындалған мемлекеттік орган Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобасы бойынша алдын ала қорытындыны Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына дейін күнтізбелік 5 (бес) күн бұрын Әділет министрлігіне ұсынады, сондай-ақ Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен бірлесіп, Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін ықтимал қысқарту немесе шығыстарын ұлғайту бөлігінде алдын ала қаржы-экономикалық есептерді енгізеді.

Ведомствоаралық комиссия заң жобасы Кеңседе тіркелген күннен бастап 15 күн мерзімде не Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының тапсырмасында белгіленген неғұрлым қысқа мерзімде депутаттар бастамашылық жасаған заң жобасын оң не өзгеше бағалау жөнінде ұсыныстар әзірлейді.

Үкімет қорытындысының жобасын Ведомствоаралық комиссияның ұсыныстары ескеріле отырып, заң жобасында реттелетін қатынастар құзыретіне жататын мемлекеттік орган әзірлейді. Қорытындының жобасы мемлекеттік

және орыс тілдерінде дайындалады және келіп түскен күнінен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде міндетті түрде Әділет, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерімен келісіледі (олардың бірінші басшылары бұрыштама қояды). Қажет болған кезде әзірлеуші қорытындының жобасына республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін ықтимал қысқарту немесе шығыстарын ұлғайту бөлігінде қаржы-экономикалық есептерді қоса береді.

Қорытынды жобасында республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормалар туралы мәліметтер, осындай нормалар бойынша Республикалық бюджет комиссиясының қорытындысы, заң жобасында ұсынылған нормалардың Конституцияға, қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкестігі туралы мәліметтер, оларды қабылдаудың орындылығы бойынша мәліметтер қамтылуы тиіс.

Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, Үкіметтің Регламентіне сәйкес дайындалған Үкіметтің заң жобаларына қорытындыларының жобаларын Кеңсеге енгізген кезде әзірлеуші мемлекеттік орган оларға Үкімет жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамалық шешімінің көшірмесін, Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері хаттарының көшірмелерін қоса береді, сондай-ақ қажет болған жағдайда әзірлеуші қорытындының жобасына республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін ықтимал  қысқарту немесе шығыстарын ықтимал ұлғайту бөлігінде қаржы-экономикалық есептерді қоса береді.»;

108-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«108. Үкімет енгізген заң жобаларын Парламентте ұсынушы уәкілетті адамдарға оларды Парламент қараған кезде заңның тұжырымдамасына немесе оның құқықтық мазмұнын өзгертуге байланысты, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге Үкімет басшылығының рұқсатынсыз келісім білдіруге тыйым салынады.»;

109-1-тармақта:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«109-1. Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасына Парламент депутаттары түзетулер енгізген жағдайда (оның ішінде оның тұжырымдамасын өзгертуге байланысты, республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін), заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет қорытындысының жобасын әзірлейді.»;

үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«Қорытынды жобасында республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормалар туралы мәліметтер, осындай нормалар бойынша Республикалық бюджет комиссиясының қорытындысы, Парламент депутаттары енгізген түзетулердің Конституцияға, қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкестігі туралы мәліметтер, оларды қабылдаудың орындылығы туралы мәліметтер қамтылуы тиіс.

Қажет болған кезде қорытынды жобасына әзірлеуші: республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқарту немесе шығыстарын ұлғайту бөлігінде қаржы-экономикалық есептерді; Үкімет  жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың, Республикалық бюджет комиссиясының хаттамаларын қоса береді.»;

157, 158 және 159-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«157. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы дейінгі Стратегиялық даму жоспары, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін әрбір мемлекеттік орган, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары тиісті қаржы жылына арналған меморандумды әзірлейді, оған мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімі қол қояды және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бекітеді.

158. Меморандум мемлекеттік органның бірінші басшысының, облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімінің кезекті қаржы жылына арналған республикалық/жергілікті бюджетте көзделген бюджет қаражаты шегінде түйінді нысаналы индикаторларға басым тәртіппен қол жеткізуді қамтамасыз ету ниетін растайтын құжат болып табылады.

Меморандумды әзірлеу ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасына дейін өткен жылғы түйінді нысаналы индикаторларға қол жеткізуді бағалауды ескере отырып жүзеге асырылады.

159. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының меморандумдарын әзірлеу және бағалау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.»;

көрсетілген Регламентке 5-2-қосымшада:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқарту немесе шығыстарын ұлғайту туралы мәліметтер.».

2.    «Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 тамыздағы № 840 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 34, 344-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесінде:

19-1-тармақтың төртінші бөлігінде:

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) егер заң жобасын іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерін қысқартуға немесе шығыстарын ұлғайтуға әкеп соқтыратын болса, қаржы-экономикалық есептемелерді;»;

12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«12) республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін Қазақстан Республикасының заң жобаларына қатысты Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімінің көшірмесін;».

3.     «Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30, 330-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларында:

9-тармақтың бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтiк құқықтық актiге қатысты Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімінің көшірмесі болуы;»;

10-тармақта:

мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

«11-1) республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтiк құқықтық актiге қатысты Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімі көшірмесінің болуы;»;

11-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«11-2) нормативтік құқықтық акті бойынша реттеушілік әсерді талдау жүргізілген жағдайда, оған Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамалық шешімі және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның реттеуші мемлекеттік органдардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытындысы, сондай-ақ реттеушілік әсерді талдау нәтижелері қоса беріледі;».