• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 522 қаулысы

Арнайы кедендік рәсімді қолдану қағидаларын, оны қолдану ерекшеліктерін, тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын, тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулерді, арнайы кедендік рәсімнің қолданылуының аяқталу тәсілдері мен тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды осындай кедендік рәсіммен орналастыруға құқылы тұлғалардың тізбесін бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы

30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 419-бабына және "Арнайы кедендік рәсім белгіленуі мүмкін тауарлар санаттарының тізбесі және оларды сондай кедендік рәсімге орналастыру шарттары туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 329 шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Арнайы кедендік рәсімді қолдану қағидалары, оны қолдану ерекшеліктері, тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттары, тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулер, арнайы кедендік рәсімнің қолданылуының аяқталу тәсілдері мен тәртібі;

2) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыруға құқылы тұлғалардың тізбесі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                              К.Мәсімов