• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңесі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі №1142 қаулысымен елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізін қалаушы қағидаттары, міндеттері мен тәсілдері жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында құрылған.

Кеңестің қызметі елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың тиімді тетіктерін құру бойынша практикалық ұсыныстар мен ұсынымдарды бірлесе әзірлеу мақсатында мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтардың, ғылыми қауым мен үкіметтік емес ұйымдардың практикалық өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге бағытталған.

Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары:

1) Қазақстанның ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша бірыңғай саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

2) Қазақстанның ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негіз қалаушы қағидаттары, міндеттері мен тетіктері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;

3) базалық факторлар («Макроэкономика», «Бизнес», «Технологиялар және инновациялар», «Институттар», «Адами даму») көрсеткіштерін жақсарту арқылы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

4) елдің бәсекеге қабілеттілігі жөніндегі баяндаманы қалыптастыруға қатысу болып табылады.

Кеңестің төрағасы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Кеңес құрамына: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасарласы; ұлттық экономика, қаржы, инвестиция және даму министрлері және басқа да мемлекеттік органдардың, мемлекеттік компаниялардың және қоғамдық ұйымдардың басшылары кіреді.

Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде үш айда бір рет өткізіледі.

Кеңестің қызметі жайлы толығырақ competitiveness.kz сайты арқылы таныса аласыздар.