• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасы Ұлттық эконмика министрі Р.Е. Дәленовтің баяндамасы Күн тәртібінің 2-мәселесі бойынша: Электрондық сауданы дамыту мәселелері туралы

Әлемдік экономиканы жаһандық цифрландыру жыл сайын электрондық сауда нарығының 11%-дан аса өсуін қамтамасыз етеді.

Халықаралық сарапшылардың болжамдарына сәйкес, 2023 жылға қарай электрондық коммерцияның әлемдік нарығы 2,8 трлн. АҚШ долларына дейін өседі.

2018 жылы нарық көлемі 1,8 трлн. АҚШ долларын құрады, бұл әлемдік бөлшек сауда тауар айналымының 11,6%-ын құрайды.

Бұл сегментте алдыңғы позицияларда тұрғандар:

Қытай, онда ұлттық бөлшек тауар айналымындағы электрондық сауданың үлесі 23,7%-ды құрайды,

ЕО елдері, олардың үлесі 14,8%-ды құрайды,

АҚШ 10,8%,

Оңтүстік Корея 7,2%.

Жақын арадағы электрондық коммерцияны дамытудың негізгі трендтері:

1. дәстүрлі сауданың онлайн бағытқа ығыстырылуы;

2. B2B (бизнес-бизнес) сегментінің онлайн-нарыққа белсенді түрде шығуы. Қазіргі таңда негізгі үлесті B2C (бизнес-сатып алушы) алуда;

3. Интернет-сатып алулардың қолжетімділігі мен қолайлылығы сатып алушы үшін бәсекелестіктің артуына ықпал етеді. Бұл IT-технологиялардың өсуіне және жасанды интеллекті енгізуді ынталандырады;

4. сатып алушылардың алуан түрлі болуы тауарлар мен қызметтер түрлерін кеңейтуді талап етеді.

Алдағы 5 жыл ішінде әлемде электрондық сауда 1 трлн. АҚШ долларына ұлғаяды.

Электрондық сауданың шексіз мүмкіндіктері дәстүрлі дүкендердің Интернет жүйесіне жаппай көшуіне ықпал етеді.

Соңғы 2 жылда АҚШ-та 10 мыңнан астам дүкен жабылды.

Алдағы 5 жылда АҚШ-та сауда орталықтарының

20-25%-ның
жабылуы күтілуде.

Онлайн-саудада көп сатылатын тауарлар тобына: киім, электроника, ойыншықтар, жиһаз және азық-түлік тауарлары жатады.

Электрондық сауданы дамыту экономикалық өсім үшін үлкен әлеуетке ие.

Біріншіден, бұл тауар айналымының шексіз ұлғаюы.

Екіншіден, бұл әлемнің кез келген жеріндегі кез келген нарыққа шығу мүмкіндігі.

Үшіншіден, бұл транзиттік әлеуеттің дамуы.

Қазақстандағы электрондық сауда нарығы келесідей болып көрінеді.

2018 жылдың қорытындылары бойынша онлайн-сауда нарығының көлемі 1,5 есеге өсті және 269 млрд. теңгені құрады.

Электрондық сауданың үлесі 2,9% тең.

Электрондық саудадағы белсенді сатып алушылардың саны 2 есеге артып, 2,3 млн. адамды құрады.

Нарықта 1700-ден астам дербес интернет-дүкен жұмыс істейді, оның үштен бірі – 509-ы, салық жеңілдіктерін алуды қалаушылар болып табылады (корпоративтік табыс салығынан және жеке табыс салығынан 100% босату).

Елімізде 1 млн-нан астам ШОБ субъектілеріне өз тауарларын сатуға мүмкіндік беретін 20-ға жуық электрондық сауда алаңдары (маркетплейс) қызмет етеді.

Қазақстандағы электрондық коммерция нарығы құрылымының 68%-ын тауарлар саудасы құраса, 32%-ын – көрсетілетін қызметтер құрайды.

Тауарлардың ішінде – құрылыс материалдары, тұрмыстық техника, косметика, киім және аяқ киім үлкен сұранысқа ие. Көрсетілетін қызметтердің ішінде – әуе және теміржол билеттерін сату, мәдени іс-шаралар мен коммуналдық қызметтер үшін ақы төлеу.

Әлемде электрондық сауданың айрықша қарқынды бағыттарының бірі тамақ өнімдерін және ауыл шаруашылығы тауарларын сату болып табылады.

2023 жылға қарай аталған сегмент 2018 жылмен салыстырғанда 64%-ға өсіп, оның көлемі 134,5 млрд. АҚШ долларына жетеді.

Қазақстанда тамақ өнімдерінің электрондық сауда көлемі

15,4 млрд. теңгені құрайды және жалпы тауарлардың электрондық саудасының 4%-ын алады.

Электрондық саудада аумақтық шекаралар жоқ. Сондықтан, біздің отандық ауыл шаруашылығының өндірушілері үшін бұл жаңа нарыққа шығуға, өзінің сатып алушысын іздеуге шексіз мүмкіндік береді.

Интернет-сауда – бұл ауылдық жерлерде сауданы дамыту үшін тамаша мүмкіндік.

Интернет-сауданың танымалдығы – транзитті дамыту әлеуеті болып табылады.

Алдағы 5 жылдың ішінде Қытайдан Еуропаға жіберілетін интернет-сәлемдемелер саны 6 есеге артып, 2025 жылға қарай 4 млрд. сәлемдемеге дейін жетеді.

2018 жылдың қорытындысы бойынша Қытайдан Еуропаға 670 млн. сәлемдеме тасымалданды. Олардың ішінде Қазақстан арқылы транзит көлемі шамамен 6% құрады, бұл 39,2 млн. сәлемдеме.

Қазақстан Қытай мен Еуропа арасындағы өте ыңғайлы географиялық жерде орналасқан.

Бүгінгі таңда бізде Қазақстан аумағы арқылы интернет-сәлемдемелердің қазіргі көлемін қайта жөнелту үшін барлық инфрақұрылымдық және рәсімдік мүмкіндіктер бар.

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізінің арқасында осы транзит көлемін 2025 жылға қарай 864 млн. сәлемдемеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Бұл қазақстандық компаниялардың табысын 132 млрд. теңгеден - 1 трлн. 270 млрд. теңгеге дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Электрондық коммерцияның өсуі саудаға және байланысты салаларды дамытуға, соның ішінде транзитке әсер етеді.

Бұл 2025 жылға қарай ЖІӨ-ні жыл сайын 1,1 пайыздық тармаққа ұлғайтуы мүмкін.

2017 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

Ол цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Оны іске асыру мақсатында 2018-2020 жылдарға арналған электрондық сауданы дамытудың жол картасы қабылданды.

28 іс-шарадан – 19 шара орындалып, 9 іс-шара аралық орындау сатысында.

Жұмыстың жалпы нәтижелері туралы қысқаша тоқталуға рұқсат етіңіз.

Өз қызметі бойынша басқа ведомстволардың өкілдері неғұрлым толық баяндайтын болады.

Осы жылғы 2 сәуірде бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша Заң қабылданды.

Онда электрондық сауданы одан әрі дамыту үшін жүйелі шаралар енгізілді.

Атап айтқанда, заңнамалық деңгейде электрондық коммерция ұғымы бекітілген. Ол өзіне тауарлар мен қызметтер саудасы қамтиды.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау институты күшейтілді.

Экспортқа тауарларды мағлұмдау тәртібі оңайлатылған.

Сондай-ақ, электрондық сауда қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің шектері айқындалды.

Онлайн сауданы ынталандыру үшін 2023 жылға дейін салық жеңілдіктері (КТС пен ЖТС-ті 100%-ға төмендету) көзделген. Оларды алуға бизнес субъектілерінен 509 тапсырыс берілді.

Қолма қолсыз төлемдерді дамыту үшін онлайн БКМ және ERP жүйелерін сатып алуға арналған шығындар салығын төлеу есебінен мемлекеттің өтеуі бойынша салықтық ынталандыру көзделген. 2 жылдың ішінде 120 мың теңгеге дейін өтеу көзделінген.

Жедел төлемдерді дамыту үшін Ұлттық Банк ұялы телефонды төлеу құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін жоба енгізді.

Қаржы, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктері, «Атамекен» ҰКП мен «Қазпошта» АҚ цифрлық және қаржылық сауаттылықты арттыру бағыты бойынша жұмыс жүргізуде.

Қолжетімді және жоғары технологиялы инфрақұрылым электрондық сауданы дамытудың маңызды факторлары болып табылады.

Сондықтан 2 сәуірдегі Заңда экспортқа шығарылатын тауарларды декларациялау тәртібі жеңілдетілген. Енді пошта құжаттары декларация ретінде танылады.

Қазақстан арқылы үшінші елдерге өткізілетін тауарлар транзитін ұлғайтуға бағытталған түзетулер бар.

Заңнамалық деңгейде «Фулфилмент орталық» ұғымы мен оның функционалы енгізілді, ол тауарды қабылдау мен сақтаудан бастап соңғы тұтынушыға жеткізгенге дейін толық логистикалық қызметтер түрлерін ұсынады. 

Жалпы электрондық коммерцияның дамуы сауда мен транзит өсуінің және экономикалық дамудың жаңа драйвері болады.