• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 395 бұйрығы

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы»

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің

2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген, «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде 2014 жылғы 26 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар ензгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«1. Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидалары»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«1. Осы Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әзiрлендi, ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға (бұдан әрі – мамандар) бюджет қаражаты есебінен көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрiнде әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну шарттары мен тәртiбiн айқындайды.»;

мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4-1. Мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру тиісті қаржы жылына арналған міндетемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлінген сома шегінде жүзеге асырылады.»;

мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

«8-1. Маман немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін жүгінген кезде осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды қабылдау, сондай-ақ баламалы негізде әлеуметтік қолдау шараларын көрсету (бас тарту) туралы хабарламаны алу «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» комерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.»;

9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Әкімші әлеуметтік қолдау шараларын алуға үміткер мамандардың құжаттарын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді, қаржы қаражатының қажеттілігін есептеуді жүргізеді және құжаттарды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде комиссияға жібереді.

10. Комиссия Әкімшіден құжаттар келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігіне маманға әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуге ұсыным жасайды.

Әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуден бас тартылған жағдайда, Әкімші комиссияның ұсынысы түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:

маманға (егер маман құжаттарды Әкімшіге тапсырса);

Мемлекеттік корпорацияға (егер маман құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы тапсырса) әлеуметтік қолдау шараларын беруден бас тарту туралы дәлелді жауап жолдайды.

Маман осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Әкімші немесе Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат (бұдан әрі – Қолхат) береді.

Қолхат Тараптардың әрқайсысы үшін бір данадан екі данада жасалады.

Маман осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын және (немесе) оларда қамтылған деректерді (мәліметтерді) дұрыс және (немесе) толық ұсынбаған, сонымен қатар маман Заңның 18-бабы 8-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Әкімші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.»;

мынадай мазмұндағы 10-1 тармақпен толықтырылсын:

«10-1. Мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету үшін бюджет қаражаты жетіспеген жағдайда, Комиссия аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігіне әлеуметтік қолдау шараларын алушы үміткерлердің қатарынан мамандардың өтініш берген күні бойынша кезектілікті қалыптастыру жолымен әлеуметтік қолдау шараларын беруді тоқтатуға ұсыным жасайды.

Әлеуметтік қолдау шараларын алуға кезекте тұрған мамандардың құжаттарын қайта қарау мерзімін Әкімші белгілейді және ол бір жылдан артық болмайды.

Әкімші әлеуметтік қолдау шараларын беру мерзімін тоқтату туралы хабарламаны:

маманға (егер маман құжаттарды Әкімшіге тапсырса);

Мемлекеттік корпорацияға (егер маман құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы тапсырса) жолдайды.»;

11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі комиссияның ұсынымы келіп түскен сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету және/немесе мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын алуға есепке және кезеккке қою туралы қаулы қабылдайды.

12. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген қаулы қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Әкімші, маман және сенім білдірілген өкіл (агент) арасында осы Қағидаларға2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) жасалады.

13. Келісім жасалғаннан кейін:

1) Әкімші бес жұмыс күні ішінде көтерме жәрдемақы сомасын мамандардың жеке есеп шоттарына аударады;

2) сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) жиырма бес жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасыныңзаңнамасында белгiленген тәртiппен маманға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит бередi.»;

20, 21 және 22-тармақтар мындай редакцияда жазылсын:

«20. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі комиссиядан ұсыным келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде маманға мынадай шарттарды ескере отырып, тұрғын үйлердің үлгілік жобаларының нұсқаларын ұсынады:

1) тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны қырық алты айлық есептік көрсеткіштен аспайды;

2) тұрғын үй құрылысының жалпы сметалық құны берілетін кредиттің екі еселік мөлшерінен аспауға тиіс;

3) тұрғын үй құрылысының ең ұзақ мерзімі кредит берген сәттен бастап он екі айдан аспауға тиіс.

21. Маман үлгілік жобалардың ұсынылған нұсқаларымен жазбаша түрде келіскен жағдайда аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі келісім алған сәттен бастап төрт жұмыс күні ішінде тұрғын үй салуға бюджеттік кредит беру туралы қаулы қабылдайды.

22. Осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген қаулы қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Әкімші, маман және сенім білдірілген өкіл (агент) арасында Келісім жасалады.»;

1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1)осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2)осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді, сондай-ақ осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

3)осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4)осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне бұйрықтың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және коммуникациялар министрі

_________________ Д. Абаев

2017 жылғы « » _____________