• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 139 бұйрығына және 2015 жылғы 27 ақпандағы № 149 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 26 ақпандағы № 139 бұйрығына және «Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 ақпандағы № 149 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекет тіркеу тізілімінде № 10685 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 10 сәуірде ресми жарияланған):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну  

1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2-тармақтың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;

2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Даму стратегиясының орындалуы жөніндегі есепті әзірлеу және ұсыну тәртібі»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Атқарушы орган Даму стратегиясының орындалуы жөніндегі есепті бекіту мәселесі жөнінде компанияның директорлар кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірмені алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны бекіту туралы директорлар кеңесі шешімінің көшірмесін сканерден өткізілген электрондық есепке тіркеп, Мемлекеттік мүлік тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізу үшін Бірыңғай операторға электрондық есепті жібереді, сондай-ақ даму стратегиясының іске асырылуына мониторинг жүргізу үшін аталған есепті қағаз түрінде тиісті саланың уәкілетті органына жібереді.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларында:

1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2-тармақтың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;

2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті әзірлеу және ұсыну тәртібі»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Атқарушы орган Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті бекіту мәселесі жөнінде компанияның директорлар кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірмені алған мерзімнен бастап бес жұмыс күні ішінде оны бекіту туралы директорлар кеңесі шешімінің сканерден өткізілген көшірмесін электрондық есепке тіркеп, Мемлекеттік мүлік тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізу үшін Бірыңғай операторға электрондық есепті жібереді, сондай-ақ даму стратегиясының іске асырылуына мониторинг жүргізу үшін іске асыру үшін аталған есепті қағаз түрінде тиісті саланың уәкілетті органына жібереді.»;

Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларына 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

2) «Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 149 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10663 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 17 сәуірде ресми жарияланған):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидалары осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі                                                   Т. Сүлейменов

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

 _____________ Б. Сұлтанов

2018 жылғы 8 тамыз