• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 87 бұйрығына пресс-релиз

«Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің

2018 жылғы 2 наурыздағы № 87 бұйрығына пресс-релиз

Бұйрық «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-1- тармақшасына, Қазақстан Республикасы халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу және сауда саясаты жөніндегі Ведомствоаралық комиссиясының 2018 жылғы 15 ақпандағы 17-5/44 хаттамасының 2-тармағына сәйкес әзірленді.

Қосылған құны барынша жоғары мұнай өнімдерін (дизель отыны, бензин және т.б.) өндіруді ынталандыру мақсатында бұйрықпен үшінші елдерге ауыр сұйық дистиллятты отынды әкету кезінде экспорттық кеден бажын төлеуден босату алып тасталды.

Жоғарыда көрсетілген бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2018 жылғы 11 сәуірде № 16743 болып енгізілген.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Бұйрық қоса беріледі.