• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 11 тамыздағы № 299 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын, Субсидиялау шартының, Кепілдік шартының, Грант беру туралы шарттың нысандарын бекіту туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын, Субсидиялау шартының, Кепілдік шартының, Грант беру туралы шарттың нысандарын бекіту туралы бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15674 бойынша тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 27 қыркүйегінде электронды түрде жарияланған) келесі өзгертулер мен толықтыруларды енгізу:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың шеңберінде субсидиялау және кепілдік берудің үлгі нысаны 1-қосымшаға сәйкес түзетулер енгізілсін

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың шеңберінде субсидиялау шарты нысанасы 2-қосымшаға сәйкес түзетулер енгізілсін

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың шеңберінде кепілдік шарты нысанасы 3-қосымшаға сәйкес түзетулер енгізілсін

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік грант және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды ұсыну шарты нысанасы 4-қосымшаға сәйкес түзетулер енгізілсін

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті қамтамасыз етсін:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға, сондай-ақ «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының        

Ұлттық экономика министрі                                              Т. Сулейменов