• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 153 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 153 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 153 бұйрығына («Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2017 жылғы 25 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін.

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ереже, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын комитеті:

1) он күнтізбелік күн ішінде қол қойылған күннен бастап, осы бұйрықты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы заң шығару және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қосу және республикалық ресми жариялау;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;

3) он күнтізбелік күн ішінде қол қойылған күннен бастап, осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді жолдау қаматамасыз естілсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі                                                   Р. Дәленов