• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 18 шілдедегі № 66 бұйрығының күшін жою туралы

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің арнайы

көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 30 сәуірдегі № 370 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің

2019 жылғы 18 шілдедегі № 66 бұйрығының күшін жою туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 370 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 18 шілдедегі № 66 бұйрығының күші жойылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

2) осы бұйрықтың көшірмесін күнтізбелік екі күн ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі                                                   Р. Дәленов