• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Кедендік әкелім баж салығы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлеме көлемін және олардың әрекет ету мерзімін бекіту туралы» 2017 жылғы 9 ақпандағы №58 бұйрығына баспасөз релизі

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Кедендік әкелім баж салығы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлеме көлемін және олардың әрекет ету мерзімін бекіту туралы» 2017 жылғы 9 ақпандағы №58 бұйрығына баспасөз релизі

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Кедендік әкелім баж салығы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлеме көлемін және олардың әрекет ету мерзімін бекіту туралы» 2017 жылғы 9 ақпандағы №58 бұйрығы (бұдан әрі – бұйрық) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы Заңымен ратификацияланған Дүниежүзілік сауда ұйымын (ДСҰ) құру туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі Марракеш келісіміне қосылуы туралы Қазақстан Республикасының хаттамасына сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының тарифтік міндеттемелерінн орындау мақсатында бекітілген. 

Жоғарыдағы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің 2017 жылғы 4 наурыздағы №14867 нормативтік құқықтық актілерін Мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізілді.

Қазақстан Республикасының тарифтік міндеттемелерін Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық базасына енгізу мақсатында, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы                          № 59 «Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуының шарттары ретінде қабылданған міндеттемелеріне сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифі баж салығы мөлшерлемесімен салыстырғанда неғұрлым төмен және осындай кедендік баж салығы мөлшерлемесінің көлемінде кедендік әкелім баж салығы мөлшерлемелері қолданылады» деген шешімі қабылданды.   

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының ДСҰ аясындағы тарифтік міндеттемелеріне сәйкес жекелеген тауар түрлеріне қатысты кедендік әкелім баж салығының көлемін өтпелі кезең ішінде жыл сайын төмендету көзделген.

Кедендік одақтың қызметі туралы келісім арқылы көпжақты сауда жүйесінің аясында Еуразиялық экономикалық одақтың органдары арқылы тараптардың тарифтік міндеттемелерін енгізу жөніндегі қажетті шешімі қабылданғанға дейін, ДСҰ аясындағы Тараптардың міндеттемелері Еуразиялық экономикалық одақ аясында бекітілген халықаралық келісімдердің сәйкес келетін ережелерінен басым тұратынын атап айту қажет. 

Еуразиялық экономикалық одақтың актілерінің сәйкес жобалары ағымдағы кезеңде бекітілмеген, соған байланысты Қазақстан Республикасының ДСҰ аясындағы тарифтік міндеттемелерін орындау мақсатында аталған Бұйрық қабылданған.

Кедендік әкелім баж салығы қолданылатын, оның ішінде Тауарлар тізбесі бұйрығы, мөлшерлемелердің көлемі және әрекет ету мерзімі Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Тауарлық номенклатурасына және 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 101 шешімі) енгізілген өзгерістерді есепке алу арқылы пысықталған.