• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 49 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13417 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 24 наурызда жарияланған):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

2) «Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын сақтауда тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 5 наурыздағы № 128 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13584 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 19 сәуірде жарияланған):

бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын сақтауда тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын сақтауды тексеру парағы 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі                                            Т. Сүлейменов