• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Қоғамдық кеңесінің 2017 жылғы жұмысы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Б.А. Сағынтаевпен бекітілген орталық атқарушы органдар басшыларының 2016 жылға арналған халыққа және Қоғамдық кеңестерге есеп беру  кестесіне сәйкес а.ж. 22 маусымда Ұлттық экономика министрінің Министрліктің Қоғамдық кеңесіне есеп беру кездесуі өтті.

Есеп беру кездесуі аяқталу барысында Қоғамдық кеңес мүшелері Министрдің есебін мақұлдады, сондай-ақ Резолюцияда Министрліктің қызметінің тиімділігін жақсарту бойынша тиісті ұсынымдар берілді.

2017 жылғы 26 маусымда Министрдің халыққа есеп беру кездесуі өтті.

Кездесу халықты елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар ету, атқарушы органдардың және ұлттық жоғары оқу орындарының халық алдындағы ашықтығын, жауаптылығын, есептілігін арттыру мақсатында өткізілді. Есеп беру кездесуінде Министр халыққа 2016 жылдың қорытындысы бойынша Министрлік қызметінің нәтижелері және 2017 жылға міндеттері туралы ақпарат берді.

Кездесуге қоғамдастықтың, бұқаралық  ақпарат құралдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, сонымен қатар мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Еліміздің барлық өңірлері бейнеконференция режімінде қосылды.

Қоғамдық кеңес қызметінің жариялылығын қамтамасыз ету аясында Министріліктің интернет-ресурсында Ұлттық экономика министрі Т.М. Сүлейменовтың есеп беру кездесуін өткізу туралы баспасөз-хабарламалары жарияланды.

Министрліктің Қоғамдық кеңесінің құрамына Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығы, «Атамекен» ҰКП қаржы секторы, Қазақстан экономистерінің қауымдастығы кіреді.

2017 жылғы 29 қарашада Министрліктің Қоғамдық кеңесінің «Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер рейтингі» тақырыбына отырысы өтті, онда ұлттық экономиканың вице-министрі С.М. Жумангариннің баяндамасы тыңдалды. Министрліктің Қоғамдық кеңесінің отырысы аяқталғаннан кейін «Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер рейтингі» тақырыбындағы Хаттамаға қол қойылды, аталған хаттама Министрліктің интернет-ресурсына орналастырылды.

Жалпы, Министріліктің Қоғамдық кеңеспен 2017 жылы 255 нормативтік құқықтық акті қаралды.

2016 жылдан бері жыл сайын Министрдің Министрліктің Қоғамдық кеңесіне есеп беру кездесуі өткізіледі, онда Министрлік қызметінің қорытындысы және ағымдағы кезеңге міндеттері қаралады.

Қоғамдық кеңес қызметінің жариялылығын қамтамасыз ету аясында Министріліктің интернет ресурсінде Министрліктің Қоғамдық кеңесіне қатысты ақпарат жарияланған.

Министрліктің қоғамдық бірлестіктермен тиімді іс-әрекеттестігі бойынша бұдан арғы жұмысы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жалғастырылатын болады.