• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарына қабылданған өзгертулер туралы хабарландыру

2019 жылғы 3 ақпаннан бастап «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 347 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 2 бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық) қолданысқа енгізілді.

Аталған Бұйрықпен Мемлекеттік қызметтер стандарттарына мынадай өзгертулер көзделген:

1. «Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінің қысқартылуы.

Анықтама үшін: бұрын құжаттарды тапсыру кезде екі өтініш (электрондық және қол қойылған) беру талап етілген болатын. Бүгінге құжаттарды тапсыру кезде:

  • порталға тек электрондық өтініш (қолы және мөрі қойылған сканерленген өтініш тіркеу талап етілмейді);
  • Мемлекеттік корпорацияға тек қолы және мөрі қойылған өтініш беру қажет.

2. «Қазақстан Республикасының аумағына жекелеген тауарлар түрлерін экспорттауға және (немесе) импорттауға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті тек электрондық түрде «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы (Мемлекеттік қызмет беруші арқылы көрсету жойылады) көрсету.

3. «Тауар биржалары саласында дилерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру», «Тауар биржалары саласында брокерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру», «Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызметтердің көрсету мерзімдерін 15 жұмыс күннен 5 жұмыс күнге дейін қысқартылуы.

4. Лицензиялардың телнұсқаларын беру жойылды.

5. Тапсырылатын құжаттарда өтініш берушінің мөрі болуының талабы жойылды.

6. Ескерілген нормалар жойылды.