• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 396 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 396 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10–бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 мамырдағы      № 396 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11298 тіркелген, 2015 жылғы 23 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентінде:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – жауапты орындаушы) көрсетілетін қызметті алушылардан портал арқылы түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге арналған өтінішті (бұдан әрі – өтініш) тіркеу – өтініш түскен күні.

Өтініш 18.30 сағаттан кейін, сондай-ақ демалыс немесе мейрам күндері түскен кезде Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес өтініш келесі жұмыс күнімен тіркеледі.

2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының жауапты орындаушыны таңдауы өтініш түскен күні;      

3) жауапты орындаушының өтінішке қоса берілген құжаттарды Стандартқа сәйкес екі жұмыс күні ішінде толықтығын қарау.

4) жауапты орындаушы бес күні ішінде құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін карайды және тиісті лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап дайындайды;

5) қажет болған жағдайда екі жұмыс күні ішінде жауапты орындаушының келісуші мемлекеттік органға келісуге сұрау дайындауы;

6) келісуші мемлекеттік органның оң жауабы болған кезде бес күні ішінде жауапты орындаушы құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін қарайды;

7) лицензия дайындау бір жұмыс күні ішінде;

8) қызмет берушінің заң қызметінің уәкілетті лауазымды тұлғасымен келісу бір жұмыс күні ішінде;

9) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бір жұмыс күні ішінде лицензияға не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуы туралы уәжді жауапқа қол қоюы.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып қызметкерлер арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезектілігінің сипаттамасы:

1) «Е-лицензиялау» веб-порталы мемлекеттік дерекқор жүйесі ақпараттық/порталы (бұдан әрі - «Е-лицензиялау» МДЖ АЖ) арқылы қызмет алушыдан немесе Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен өтінішті тіркеу;

2) қажет болған жағдайда екі жұмыс күні ішінде келісуші мемлекеттік органға жіберу;

3) келісуші мемлекеттік органнан келіп түскен жауапты бес күні ішінде өңдеу және тиісті лицензия, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап дайындау;

4) қызмет берушінің заң қызметінің уәкілетті лауазымды тұлғасымен - бір жұмыс күні ішінде келісу;

5) лицензияны дайындау немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапқа – бір жұмыс күні ішінде;

6) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды тұлғасы бір жұмыс күні ішінде лизензияға қол қоюы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауабы.»;

көрсетілген регламентке 1-қосымша осы бұйрыққа 1 -қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағына жекелеген тауарлар түрлерiн экспорттауға және (немесе) импорттауға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентінде:

3-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Еуразиялық экономикалық кеңеске мүше мемлекеттердің кеден органдарына рұқсат беру ұсыну қажет болған жағдайда, рұқсат беру қатаң үлгідегі бланкте басып шығарылады, оған көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды тұлғасы не оны ауыстыратын адам қол қояды, көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталады.»;

6-тармақ бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) рұқсатқа қол қоюға құзыретті көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат.»;

7-тармақ бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) көрсетілетін қызметті берушінің рұқсат беру қол қоюға уәкілетті лауазымды тұлғасы.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып қызметкерлер арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезектілігінің сипаттамасы:

1) «Е-лицензиялау» веб-порталы мемлекеттік дерекқор жүйесі ақпараттық/порталы (бұдан әрі - «Е-лицензиялау» МДЖ АЖ) арқылы қызмет алушыдан немесе Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен өтінішті тіркеу;

2) қажет болған жағдайда бір жұмыс күні ішінде келісуші мемлекеттік органға жіберу;

3) келісуші мемлекеттік органнан келіп түскен жауапты өңдеу және қызмет берушінің заң қызметінің уәкілетті лауазымды тұлғасымен бір жұмыс күні ішінде келісу;

4) бір жұмыс күні ішінде рұқсат жобасын дайындау және көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті лауазымды тұлғасымен рұқсат жобасын не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуы туралы уәжді жауапқа қол қоюы;

көрсетілген регламентке 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі                                             Қ. Бишімбаев