• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 396 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 мамырдағы      № 396 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11298 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентінде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 347 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11079 болып тіркелген «Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі – Стандарт) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) www.еliсеnse.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы немесе www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіздеме Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды қабылдау болып табылады.

Осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшада «Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы келтірілген.»;

5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) жауапты орындаушы Стандартқа сәйкес бес жұмыс күні ішінде құжаттарды карайды және тиісті лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды;»;

5-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) келісуші мемлекеттік органның оң жауабы болған кезде жауапты орындаушы Стандартқа сәйкес бес жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды;»;

8-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) келісуші мемлекеттік органнан келіп түскен жауапты бес жұмыс күні ішінде өңдеу және лицензия не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындау;»;

көрсетілген регламентке 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағына жекелеген тауарлар түрлерiн экспорттауға және (немесе) импорттауға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентінде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«Қазақстан Республикасының аумағына жекелеген тауарлар түрлерiн экспорттауға және (немесе) импорттауға рұқсат беру»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 347 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11079 болып тіркелген «Қазақстан Республикасының аумағына жекелеген тауарлар түрлерiн экспорттауға және (немесе) импорттауға рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі – Стандарт) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

1) қызмет беруші;

2) www.еliсеnse.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы немесе www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;

3-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органдарына рұқсат беру қажет болған жағдайда, рұқсаттар қатаң үлгідегі бланкте басып шығарылады, оған көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды тұлғасы не оны ауыстыратын адам қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталады.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіздеме Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды қабылдау болып табылады.

Осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшада «Қазақстан Республикасының аумағына жекелеген тауарлар түрлерiн экспорттауға және (немесе) импорттауға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы келтірілген.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің уәкілетті қызметкерінің (бұдан әрі – жауапты орындаушы) көрсетілетін қызметті алушылардан портал арқылы түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге арналған рұқсаттың жобасы (бұдан әрі – рұқсаттың жобасы) тіркеу – рұқсаттың жобасы түскен күні;

Рұқсаттың жобасы 18.30 сағаттан кейін, сондай-ақ демалыс немесе мейрам күндері түскен кезде Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес рұқсат жобасы келесі жұмыс күнімен тіркеледі.

2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының жауапты орындаушыны таңдауы рұқсаттың жобасы тіркелген күні;

3) жауапты орындаушының рұқсаттың жобасына қоса берілген құжаттарды Стандартқа сәйкес бір жұмыс күні ішінде толықтығын қарауы;

4) қызмет берушінің заң қызметінің уәкілетті лауазымды тұлғасымен келісу бір жұмыс күні ішінде;

5) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бір жұмыс күні ішінде рұқсаттың жобасы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы туралы дәлелді жауапқа қол қоюы.»;

6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) көрсетілетін қызметті берушінің рұқсатқа қол қоюға уәкілетті лауазымды тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат.»;

7-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) көрсетілетін қызметті берушінің рұқсатқа қол қоюға уәкілетті лауазымды тұлғасы.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып жұмыскерлер арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезектілігінің сипаттамасы:

1) белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге портал арқылы 09.00-ден бастап 18.30 сағатқа дейін келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының өтінішін келген күні тіркеу;

2) деректердің анық еместігі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі;

3) стандартқа сәйкес құжаттарды қарау және қызмет берушінің заң қызметінің уәкілетті лауазымды тұлғасымен келісу бір жұмыс күні ішінде;

4) бір жұмыс күні ішінде рұқсат жобасын дайындау және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды тұлғасының рұқсат жобасына не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы.»;

көрсетілген регламентке 1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң Эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі                                            Т. Сүлейменов

Орналастырылған: 30.10.2017
Жаңартылған: 09.07.2018