• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 396 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 396 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 11298 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентінде:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы тауарлардың жекелеген түрлерiн импортына және (немесе) экспортына лицензия беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің қызмет көрсету процесіндегі мемлекеттік іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Мынадай рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдер (іс-қимылдар) нәтижелері:

1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;

2) ұсынылған құжаттардың толықтығы;

3) мүдделі мемлекеттік органға сұрау жіберу;

4) қызмет берушінің заң қызметінің уәкілетті лауазымды тұлғасымен келісу;

5) мүдделі мемлекеттік орган жауаптарын талдау;

6) қол қоюға уәкілетті көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат.»;

3 және 4-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің өзара мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағына жекелеген тауарлар түрлерiн экспорттауға және (немесе) импорттауға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентінде:

1, 2, 3, 4-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер

2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің қызмет көрсету процесіндегі мемлекеттік іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы

3-тарау. Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің өзара мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тауар биржалары саласында дилерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентінде:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы тауар биржалары саласында дилерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің қызмет көрсету процесіндегі мемлекеттік іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы»;

5-тармақтың 4) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«4) жауапты орындаушы жеті жұмыс күні ішінде құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін карайды және тиісті лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны дайындайды, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауабы;»;

«6) келісуші мемлекеттік органның оң жауабы болған кезде жеті жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі каралады;»;

3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің өзара мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы»;

8-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) жауапты орындаушы он жұмыс күні ішінде құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін қарау;»;

4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тауар биржалары саласында брокерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентінде:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы тауар биржалары саласында дилерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің қызмет көрсету процесіндегі мемлекеттік іс-қимылы тәртібінің

сипаттамасы»;

5-тармақтың 4) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«4) жауапты орындаушы жеті жұмыс күні ішінде құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін карайды және тиісті лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны дайындайды, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауабы;»;

«6) келісуші мемлекеттік органның оң жауабы болған кезде жеті жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі каралады;»;

3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің өзара мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы»;

8-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) жауапты орындаушы он жұмыс күні ішінде құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін қарау;»;

4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентінде:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы тауар биржалары саласында дилерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің қызмет көрсету процесіндегі мемлекеттік іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы»;

5-тармақтың 4) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«4) жауапты орындаушы жеті жұмыс күні ішінде құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін карайды және тиісті лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны дайындайды, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауабы;»;

«6) келісуші мемлекеттік органның оң жауабы болған кезде жеті жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі каралады;»;

3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің өзара мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы»;

8-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) жауапты орындаушы он жұмыс күні ішінде құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін қарау;»;

4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы»;

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың

1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі                                            Т. Сүлейменов