• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

ҚР Үкіметінің 18.09.2013 ж. № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) сәйкес, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ҰЭМ, Министрлік) құзыретіне 20 мемлекеттік қызмет жатады, оның ішінде 15 мемлекеттік қызмет Министрлікпен, ведомствомен және оның аумақтық органдарымен, ведомстволық бағынысты ұйыммен көрсетіледі, 5 мемлекеттік қызмет жергілікті атқарушы органдармен көрсетіледі.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 07.04.2017 жылғы № 177 қаулысына сәйкес Тізілім мынадай жаңа мемлекеттік қызметтермен толықтырылды:

- мемлекеттiк тiркелiмге табиғи монополиялар субъектiлерiн енгiзу және одан шығару;

- кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы ақпарат беру.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 13-бабының 1-тармағына және 16-бабының 1-тармағына сәйкес, жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің стандарттары ҚР Ұлттық экономика министрінің 03.07.2017 жылғы № 268 және 11.07.2017 жылғы № 275 бұйрығымен, жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің регламенттері ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.09.2017 жылғы № 340 және № 341 бұйрықтарымен бекітілді.

Сондай-ақ, ҚР Үкіметінің 12.10.2017 ж. № 637 қаулысымен Тізілімге «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды бекіту» мемлекеттік қызметі қосылды.

2017 жылдың қорытындысы бойынша Министрлікпен, ведомствомен және оның аумақтық органдарымен, ведомстволық бағынысты ұйыммен

35755 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

қағаз түрінде – 20499 мемлекеттік қызмет:

- көрсетілетін қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде 20436;

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде – 63;

«Е-лицензиялау» МДҚ арқылы электронды түрде – 15256 мемлекеттік қызмет;

Мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі негізгі бас тартудың жалпы саны 353 (оның ішінде электронды түрде - 257). Бас тартудағы негізгі себептер өтініштерді дұрыс толтырмау, мемлекеттік қызметтердің стандарттарының талаптарына сәйкес келмейтін ұсынылған құжаттардың толық болмауы болып табылады.

2017 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасына 8 бақылау іс-шарасы жүргізілді, оның ішінде Министрліктің Ішкі аудит департаментімен – 6 тексеру, нақтырақ айтсақ:

1) ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ 2017 жылғы ақпанда;

2) «ҚР ҰЭМ Статистика комитетiнiң Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылғы маусымда;

3) ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ 2017 жылғы шілдеде;

4) ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті» РММ 2017 жылғы тамызда. Қорытындысы бойынша, мемлекеттік қызметті қарастыру кезінде жіберілген қателік үшін сөгіс түрінде тәртіптік сипаттағы 1 шара қабылданды.

5) ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» РММ 2017 жылғы қарашада;

6) Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын мониторингілеу аясында 1 тексеріс 2017 жылғы тамызда, оның қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін бұзушылықтың 2 фактісі белгіленді. Нәтижесінде сөгіс түрінде тәртіптік сипаттағы 1 шара қабылданды.

Аудиторлық іс-шаралар қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтері көрсету мерзімін бұзушылық және мемлекеттік қызметтері көрсету сапасына шағымдар белгіленген жоқ. Бұл ретте мемлекеттік қызметтері көрсету саласындағы заңнаманың өзге талаптарын сақтамау фактілері анықталды, нақтырақ айтсақ ерекше қажеттілікті тұлғаларға олар мемлекеттік қызметтерді алуы кезінде жағдай жасауды нашар қамтамасыз ету, яғни кіруге және шығуға, тазалық бөлмесіне көрсеткіштер, шақырту тетікшесі жоқ. бұл кемшіліктер аудит кезінде қалпына келтірілді.

Бұдан басқа, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (бұдан әрі - МҚІСЖҚІҚА)

2 тексеріс жүргізілді:

- 01.07.2017 жылғы № 41 тексерісті тағайындау туралы актіге сәйкес, бұзушылықтар белгіленбеді;

- 02.10.2017 жылғы № 67 тексерісті тағайындау туралы актіге сәйкес,

бұрын 2017 жылғы тамыздағы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын мониторингілеу аясында Министрліктің Ішкі аудит департаментімен анықталған бұзушылықтың 2 фактісі расталды. Бұл тексеріс қорытындысы бойынша МҚІСЖҚІҚА-мен 70 АЕК айыппұл түріндегі әкімшілік жаза шарасы қабылданды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында,

18 түсіндіру іс-шаралары жүргізілді, оның ішінде:

- ҚР ҰЭМ Статистика комитетінде – 2;

- ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде – 16;

түсіндіру іс-шараларымен 210 адам қамтылды.

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің және оның аумақтық органдарының

6 қызметкері біліктілікті арттыру курстарынан өтті.