• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2018 жылғы I тоқсанға арналған құқықтық жалпы оқытуды өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысымен бекітілген Заң қызметтері туралы үлгі ереженің 3-тармағына сәйкес, құқықтық мәдениет пен құқықтық сауаттандыруды арттыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2018 жылғы I тоқсанға арналған құқықтық жалпы оқытуды өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Құрылымдық бөлімшелердің басшылары өздеріне сеніп тапсырылған құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің міндетті түрде қатысуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Заң департаментіне жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Жауапты хатшының

міндетін атқарушы                                                                 А. Әбдікешов