• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 29 шілдедегі № 573 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11951 болып тіркелген, 2015 жылы 25 қыркүйектегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1- тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес электр энергиясын беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты;»;

8) және 10) тармақшалар алынып тасталсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген электр энергиясын беру және (немесе) тарату саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандартында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Электр энергиясын беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты;»;

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Электр энергиясын беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – қызметтер) табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – Субъекті) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың сапалы және тең қол жеткізуін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттарын айқындау мақсатында әзірленді.»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсету тәртібі»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар)

1998 жылғы 9 шілдедегі «Табиғи монополиялар туралы» (бұдан әрі – Заң) және 2004 жылғы 9 шілдедегі «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарымен белгіленген олардың сапасына қойылатын талаптарға сәйкес Субъектімен шарт жасаған барлық тұтынушыларға көрсетіледі.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Көрсетілген қызметтер үшін тұтынушылардың ақы төлеуі Заңның 14-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) бекіткен тарифтер бойынша жүргізіледі.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіп кәсіпорындарының және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандартында:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсету тәртібі»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар)

1998 жылғы 9 шілдедегі «Табиғи монополиялар туралы» (бұдан әрі – Заң) және 2004 жылғы 9 шілдедегі «Электр энергетикасы туралы»

Қазақстан Республикасы Заңдарымен белгіленген олардың сапасына қойылатын талаптарға сәйкес Субъектімен шарт жасаған барлық тұтынушыларға көрсетіледі.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Көрсетілген қызметтер үшін тұтынушылардың ақы төлеуі Заңның 14-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

(бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) бекіткен тарифтер бойынша жүргізіледі.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандартында:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсету тәртібі»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) 1998 жылғы

9 шілдедегі «Табиғи монополиялар туралы» (бұдан әрі – Заң) және 2004 жылғы 9 шілдедегі «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарымен белгіленген олардың сапасына қойылатын талаптарға сәйкес Субъектімен шарт жасаған барлық тұтынушыларға көрсетіледі.»;

12-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:

«12. Көрсетілген қызметтер үшін тұтынушылардың ақы төлеуі Заңның

14-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

(бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) бекіткен тарифтер бойынша жүргізіледі.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген магистральдық теміржол желісі саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандартында:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсету тәртібі»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Көрсетілген қызметтер үшін тұтынушылардың ақы төлеуі 1998 жылғы 9 шілдедегі «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

(бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) бекіткен тарифтер бойынша жүргізіледі.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдар саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандартында:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсету тәртібі»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Тұтынушылар кірме жолдарды қозғалыс қауіпсіздігін, техникалық құралдарды және жылжымалы құрамды қамтамасыз ету жағдайы кезінде

1998 жылғы 9 шілдедегі «Табиғи монополиялар туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бекітілген табиғи монополиялар салаларына жататын көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) үлгі шарттардың негізінде пайдаланады.»;

9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Егер қызмет көрсету мерзімі бұзылған және (немесе) техникалық шарттарды беруден бас тартылған жағдайда, тұтынушы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) www.kremzk.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжай және телефондар бойынша шағыммен жүгінеді.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген кәбілдік кәрiздерді мүлiктiк жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандартында:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсету тәртібі»;

9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Егер қызмет көрсету мерзімі бұзылған және (немесе) техникалық шарттарды беруден бас тартылған жағдайда, тұтынушы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) www.kremzk.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжай және телефондар бойынша шағыммен жүгінеді.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандартында:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсету тәртібі»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) 1998 жылғы

9 шілдедегі «Табиғи монополиялар туралы» (бұдан әрі – Заң) және 2012 жылғы 9 қаңтардағы «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарымен белгіленген олардың сапасына қойылатын талаптарға сәйкес Субъектімен шарт жасаған барлық тұтынушыларға көрсетіледі.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Көрсетілген қызметтер үшін тұтынушылардың ақы төлеуі Заңының 14-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) бекіткен тарифтер бойынша жүргізіледі.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген теңіз порты саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандартында:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсету тәртібі»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) 1998 жылғы

9 шілдедегі «Табиғи монополиялар туралы» (бұдан әрі – Заң) және 2002 жылғы 17 қаңтардағы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы»

Қазақстан Республикасы Заңдарымен белгіленген олардың сапасына қойылатын талаптарға сәйкес Субъектімен шарт жасаған барлық тұтынушыларға көрсетіледі.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Көрсетілген қызметтер үшін тұтынушылардың ақы төлеуі Заңның 14-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

(бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) бекіткен тарифтер бойынша жүргізіледі.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнай және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдауды қоспағанда мұнай және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандартында:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсету тәртібі»;

10 және 11-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Тұтынушылардың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 175 бұйрығымен бекітілген нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10705 болып тіркелген Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларында айқындалған талаптарды сақтауы 1998 жылғы 9 шілдедегі «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының

(бұдан әрі – Заң) 14-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес үлгі шарттар негізінде әзірленген субъектілер мен тұтынушылар арасындағы қызметтер көрсетуге арналған шарттарды жасасу үшін негіз болып табылады.

11. Көрсетілген қызметтер үшін тұтынушылардың ақы төлеуі Заңның

14-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

(бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) бекіткен тарифтер бойынша жүргізіледі.»;

  1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларының (жобаларының) жобаларын қалыптастыру және бағалау, сондай-ақ оларды іске асыру тиімділігінің көрсеткіштерін мониторингілеу және бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 96 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14928 болып тіркелген, 2017 жылы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларының (жобаларының) жобаларын қалыптастыру және бағалау, сондай-ақ оларды іске асыру тиімділігінің көрсеткіштерін мониторингілеу және бағалау әдістемесінде:

1-қосымшаға сәйкес инвестициялық бағдарлама (жоба) іс-шараларының нысаналы көрсеткіштері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3)   осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4)   осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі                     Т. Сүлейменов