• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының 2019 жылға арналған жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығымен бекітілген Жауапты хатшының өкілеттіктерінің 1-тармағының 26) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 42-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау

іс-шараларының 2019 жылға арналған жоспары бекітілсін.

2. Ішкі аудит департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі аудит департаментінің директоры – мемлекеттік аудитор Б.Б. Сапароваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Жауапты хатшы                                                 А. Жұмабеков