• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 309 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Іс-шаралар жоспарының уақтылы және тиісінше орындалуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратылуға тиіс.

Министр                                                                                           Р. Дәленов