• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы №790 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қаңтардағы №790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 64-65, 388-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы  Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде:

42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«42. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын тиісінше орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, мемлекеттік органдар, қоғамдық кеңестер өкілдерінің және мәслихат депутаттарының  қатысуымен, қажет болған жағдайда ғылыми-зерттеу ұйымдарын, ғалымдар мен әртүрлі білім салаларының мамандарын тарта отырып, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы әзірлейді.

Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен, өзге де мүдделі орталық мемлекеттік органдармен келісіледі.»;

60-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«60. Мемлекеттік бағдарламалар, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары, аумақтарды дамыту бағдарламалары, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму стратегиялары Қазақстан Республикасы Стратегиялық даму жоспарының ұлттық түйінді индикаторларына қол жеткізуді Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштерін төмен тұрған құжаттарға  декомпозициялау арқылы қамтамасыз етуі тиіс.»;

80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«80. Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуші-мемлекеттік органның актісімен қажет болған жағдайда ғылыми-зерттеу ұйымдары, ғалымдар мен әртүрлі білім салаларының мамандарын тарта отырып, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы  органдардың, қоғамдық кеңестердің өкілдерінен және Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарынан құралған мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу жөніндегі комиссия (жұмыс тобы) құрылады.»;

мынадай мазмұндағы 99-1-тармақпен толықтырылсын:

«99-1. Мемлекеттік бағдарламаға қосымша ретінде Индикаторлар картасы әзірленеді, ол теңдестірілген және мәндер, жылдар, қол жеткізу мерзімдері, құжаттар деңгейлері бойынша өзара байланыстырылған мемлекеттік бағдарламаның нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштерін, олардың аялар, салалар және өңірлер бойынша бөлінісін (бөлу мүмкін болған жағдайда), сондай-ақ  қол жеткізуге жауапты тиісті орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарғ,а, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға бекітуді қамтиды.»;

101-тармақта 2) және 3) тармақшалар алып тасталсын;

105, 106, 107, 108 және 109 тармақтар алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 113-1-тармақпен толықтырылсын:

«113-1. Стратегиялық жоспардың нысаналы индикаторлары саланың дамуын сипаттайтын макроиндикаторларға және бюджеттік бағдарламалармен өзара байланыстырылған нысаналы индиткаторларға бөлінеді. 

Саланың дамуын сипаттайтын макроиндикаторларға реттелетін аяның (саланың) кешенді сипаттамасын көрсететін нысаналы индикаторлар жатады.

Макроиндикаторлар жоғары тұрған стартегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсаттарына, нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштеріне сәйкес келуі тиіс.

Саланың дамуын сипаттайтын макроиндикаторлар тиісті мемлекеттік органның бюджеттік бағдарламаларымен  өзара байланыстыруды қажет етпейді. 

Бюджеттік бағдарламалармен өзара байланыстырлған нысаналы индикаторларға қол жеткізілуі мемлекеттік органның қызметіне байланысты және осы мемлекеттік органның бюджеттік бағдарламарының шығыстарымен және түпкілікті нәтижелерімен өзара байланыстырылған нысаналы индикаторлар жатады.»;

115-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«115. «Ресурстар» деген бөлімде есепті және жоспарлы кезеңнің жылдарына бөле отырып, бюджет шығыстарының жиынтығы және стратегиялық жоспарды іске асыруға тартылған штат саны көрсетілген адами ресурстар келтіріледі.»;

117-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«117. Облыс, республикалық маңызы бар қаланы, астананы аумақтарды дамыту бағдарламасының жобасы мемлекеттік органдар, қоғамдық кеңестер өкілдерінің және мәслихат депутаттарының қатысуымен, қажет болған жағдайда ғылыми-зерттеу ұйымдарын, ғалымдар мен әртүрлі білім салаларының мамандарын тарта отырып, әзірлененді.»;

мынадай мазмұндағы 117-1-тармақпен толықтырылсын:

«117-1. Аумақтарды дамыту бағдарламасының жобасы жария талқылау үшін тиісті  облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдігінің интернет ресурсында және аумақтарды дамыту бағдарламасын (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның ашық деректер интернет порталында орналастырылады және еліп түскен ұсыныстар ескеріле отырып, пысықталады.»;

123, 124 және 125-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«123. «Паспорт (негізгі сипаттамалары)» деген бөлімде мыналарды:

1) атауын;

2) осы өңірдің негізгі сипаттамаларын;

3) бағыттары мен мақсаттарын;

4) қажетті ресурстарды қамтитын өңірді дамытудың негізгі параметрлері жазылады.

124. «Ағымдағы ахуалды талдау және бағалау» деген бөлімнің көлемі жалпы құжат ең көбі 25% құрауы тиіс.  

Осы бөлімде өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ағымдағы дамуы, негізгі проблемалардың кешенді сипаттамасы, сондай-ақ бәсекелік  артықшылықтары  мен мүмкіндіктері  сипатталады.

125. «Негізгі бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары» деген бөлімде:

1) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізігі бағыттары;

2) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарында тұжырымдалған стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің ұзақ мерзімді жүйесіне сәйкес аумақты әлеуметтік-экономикалық дамытудың әрбір бағыты бойынша нысаналы индикаторлары көрсетілген мақсаттары;

3) қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары жазылады.»; 

128-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 «128. Аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттары, оларды іске асырудың нысаналы индикаторлары оларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар көрсетіле отырып келтіріледі.

Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторлары мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен көрсеткіштердің базалық тізбесінде белгіленеді.

Аумақты дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторлары өңірдің дамуын сипаттайтын макроиндикаторларға және  бюджеттік бағдарламалармен өзара байланыстырылған нысаналы индикатоларға бөліне отырып көрсетіледі.

Өңірдің дамуын сипаттайтын макроиндикаторларға өңірдің кешенді сипаттамасын көрсететін нысаналы индикаторлар жатады. Макроиндикаторлар жоғары тұрған стартегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсаттарына, нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштеріне сәйкес келуі тиіс.

Өңірдің дамуын сипаттайтын макроиндикаторлар жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламарымен өзара байланыстыруды қажет етпейді.

Бюджеттік бағдарламалармен өзара байланыстырылған нысаналы индикаторларға  қол жеткізу жергілікті атқарушы органның қызметіне байланысты және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламаларының түпкілікті нәтижелерімен өзара байланыстырылған нысаналы индикаторлар жатады.

Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларын облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы әзірлейді және бекітеді.

Аумақты дамыту бағдарламасына Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының, мемлекеттік бағдарламалардың нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштерін қосымша декомпозициялау қажет болған жағдайда, орталық мемлекеттік органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға көрсеткіштердің базалық тізбесіне түзетулер енгізу туралы ұсыныстарды енгізеді.

Орталық мемлекеттік органдарға көрсеткіштердің базалық тізбесінде көзделмеген индикаторларды аумақты дамыту бағдарламасына енгізуге бастама жасауларына жол берілмейді.

Көрсеткіштердің базалық тізбесінде ресми статистикалық ақпарат қалыптастырылмайтын нысаналы индикаторлар болған жағдайда, орталық мемлекеттік органдар есептеулердің әдістемелерін әзірлейді және бекітеді.

Есептеулер әдістемесінің жобасы мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосымен хат түрінде келісіледі.  Кейіннен әзірлеуші-мемлекеттік орган есептеулер әдістемесін жергілікті атқарушы органдарға жеткізеді.

Облысты дамыту бағдарламасында нысаналы индикаторлар облысты дамыту бағдарламасына қосымша түрінде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бөлінісінде келтіріледі.

Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бөлінісінде қалыптастырмайтын нысаналы индикаторлар қосымшаға аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларға бөлмей, жалпы облыс бойынша қосылады.

Облысты дамыту бағдарламасына қосымшаға жалпы облыс бойынша нысаналы индикаторлар мен олардың мәндері өзгертілмей, өзгерістер енгізілген жағдайда, аталған өзгерістер мүдделі орталық мемлекеттік органдармен келісілмейді.

Аумақтарды дамыту бағдарламасында жеке қосымша ретінде Стратегиялық карта мен мемлекеттік бағдарламалардың Тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша индикаторлар картасында көрсетілген Нысаналы индикаторлар тізбесі көзделеді. Осы қосымша аумақтарды дамыту бағдарламасын мониторингілеу мен бағалау процесіне қатыспайды.»;

154-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік бағдарламаға өзгерістер толықтырулар қажеттілік туындаған жағдайда мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу бойынша комиссия (жұмыс тобы) құрылады.»;

175-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«175. Жыл қорытындысы бойынша облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасының мониторингін жүргізу үшін:

2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар ұсынатын іске асыру туралы ақпараттың негізінде облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларын іске асыру туралы есепті (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) қалыптастырады және бірінші басшының қолы қойылған есепті есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің веб-порталында орналастырады.»;

179-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«179. Қорытынды:

9) бағалау нәтижелеріне байланысты: күшін жоюға қою; Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қолданыстағы құжаттарына интеграциялау; құжатты түзету туралы; мемлекеттік органның қызметін жақсарту жөніндегі; қаржыландыру көлемдері мен көздері жөніндегі; қолданыстағы заңнаманы өзгерту және басқалары туралы ұсынымдарды қамтуға тиіс.»;

188-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«188. Мемлекеттік бағдарламаны күшін жоюға қоб туралы шешім қабылдау не оны Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қолданыстағы құжаттарына интеграциялау мемлекеттік бағдарламаны қорытындысы бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                  А. Мамин

 

 

Орналастырылған: 07.06.2019
Жаңартылған: 08.08.2019