• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған

сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған

іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының  2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі   2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

 2. Орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, сондай-ақ Жоспарды орындауға жауапты мүдделі ұйымдар:

1) Жоспарды іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын;

2) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (келісім бойынша) – Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының (бұдан әрі – Стратегия) іске асырылуы бойынша;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша Жоспардың іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (келісім бойынша) есепті жылдан кейінгі 15 ақпаннан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспардың Стратегияны іске асыру жөніндегі іс-шараларына жүргізілген мониторинг және олардың орындалуын бағалау туралы жиынтық ақпарат берсін.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі есепті жылдан кейінгі 10 наурыздан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспардың көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне:

1) жылдың қорытындысы бойынша, есепті жылдан кейінгі 15 наурыздан кешіктірмей Жоспардың Стратегияны іске асыру жөніндегі іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат берсін;

2) жылдың қорытындысы бойынша, есепті жылдан кейінгі 25 наурыздан кешіктірмей Жоспардың көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі  іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

6. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасыны

Премьер-Министрі                                                                                        К. Мәсімов 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2015 жылғы «___» сәуірдегі

№ ____қаулысына

қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі

1. «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 308 қаулысы.

2. «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 308 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 866 қаулысы.

3. «Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2014 – 2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 мамырдағы № 531 қаулысы.

4. «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 308 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 999 қаулысы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2015 жылғы «        » сәуірдегі

№ _____қаулысымен

бекітілген