• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасының аумағына астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдерін әкелуге арналған лицензиялар берілген тарифтік квоталардың көлемі және бөлінбей қалған көлемі туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 маусымдағы № 616 Қаулысымен бекітілген Астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдерін әкелуге арналған импорттық квота көлемдерін сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидаларына сәйкес, 2016 жылғы 

27 шілде жағдайы бойынша сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға Қазақстан Республикасының аумағына астық жинау комбайндарын және астық жинау комбайндардың модулдерін әкелуге арналған 71 дана мөлшерінде 

14 лицензия берілгендігін хабарлайды.

Импорттық квотаның қалған көлемі 63 дана құрайды.

Сонымен қатар, импорттық квота 2016 жылғы 21 тамызды қосқанға дейін іске асырылатындығын ескертеміз.